phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Әнім – арманым»  шығармашылық кеш

«Әнім – арманым» шығармашылық кеш

20 қыркүйекте А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ҚР мәдениет саласының үздігі Лақаева Шолпан Кеңесханқызының шығармашылығына арналған «Әнім арманым» атты кездесу кеші өтті.

Шара кітапхана жанынан құрылған «Төр Алтайдың әдеби әлемі» тобының жұмысының аясында ұйымдастырылды.

Шолпан Кеңесханқызы – 1963 жылы Зайсан ауданының құтты қонысы -Шілікті совхозы, Тасбастау ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан өнерге құштар болып өскен Шолпан кейінгі өмір жолын ән мен жырдың, сахна мен әдебиеттің өрісіне арнады. 2000 жылы Семей Педагогикалық университетін «Музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдайды. Ақжар халық театрында, Зайсан қаласындағы, Ақсуат пен Аягөздегі Өнер мектептерінде адал қызмет атқарды. Кейіннен, 2004-2011 жылдар аралығында Семей қаласындағы Мәдениет үйінде, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде әдіскер болып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Шолпан Кеңесханқызы ұзақ жылдар бойы облыстық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметінде абыройлы еңбек етіп, шығармашылық ұжымның өркендеуіне атсалысты. Сахнаға лайық пьесаларды түндер бойы көз майын тауысып шұқшия оқып, режиссермен бірлесіп оның сахналануына үлкен үлес қосты. Труппаның репертуарын қалыптастыруға жауапкершілікпен қарады.

Кеш барысында автор өзінің жүрегінен шыққан жақұт жырларын оқыды, әуелете ән салды. Шара қонақтары Шолпан Кеңесханқызына жылы лебіздерін білдіріп, әсем ін тыңдап, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Lakaeva 1 Lakaeva 2 Lakaeva 3 Lakaeva 4 Lakaeva 5 Lakaeva 7
Lakaeva 6 Lakaeva 8 Lakaeva 9 Lakaeva 10 Lakaeva 11 Lakaeva 12

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp