
«KitapTime - 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі
24 қыркүйек күні «KitapTime - 2025» жалпы республикалық акциясы аясында кітапханада кітап фестивалі өтті. Фестиваль Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Фестивальдің мақсаты – кітап оқу мәртебесін көтеру, жалпы әдебиетті насихаттау, тұрғындарды кітапханаларға тарту және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Фестиваль аясында оқырмандарымыз «Қызықты кітаптар әлеміне саяхат» әр түрлі кітаптардан әдеби көрмемен танысып; Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған «Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі»онлайн сұхбатына қатысты. Сондай-ақ, «Тамыры терең аңыздар...»: интерактивті әдеби оқуларда балалар «Абай әлемі» кітаптар сериясы аясында жарық көрген «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» кітаптарының 1 және 2-томдары мен осы аттас ақпараттық портал таныстырылды. Сондай-ақ, оқушылар ондағы берілген аңыздардың үзінділерін тыңдап, ары қарай өз қиялдары бойынша жалғастырды. Тыңдаған әпсаналар желісінде арнайы айналдырма құрылғымен қойылған сұрақтарға балалар қызығушылықпен жауап берді. Кішкентай қонақтарымыз аңыз кейіпкерлеріне талдау жасап, ежелгі аңыздарды бүгінгі қиялмен тоғыстыра түсті. Ал аңыз-әпсаналардан құралған кітап көрмесі балалар үшін таптырмас көмекші құрал болды.
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
![]() |
|
|
![]() |
|
![]() |
![]() |
|
|
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |
|
Байланыс тел.: 26-13-33