Алтай туралы әдеби көрме халықаралық конференцияда ұсынылды
15 қазанда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
А. С. Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері осы маңызды шара аясында Алтайдың бай мұрасы мен түркі халқының ұлы тарихына арналған «Тамыры терең Алтай - Түркі жұртының негізі» атты әдеби көрме ұйымдастырды.
Әдеби шара барысында Шығыс Қазақстан өңірінің табиғи, мәдени және тарихи байлығын танытатын ғылыми еңбектер, түркі дүниесінің тарихы мен дәстүрін сипаттайтын зерттеулер, сондай-ақ Алтайдың сұлулығын жырлап, жерлестер тағдырын бейнелеген шығысқазақстандық ақын-жазушылардың шығармалары қойылды.
Кітапхана мамандары келушілерге Пушкин кітапханасы қорындағы асыл әдеби мұраларды ұсынды.
Көрмеге ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ШҚУ ректоры Төлеген Мұхтар, ақын, өлкетанушы Алдияр Аубакиров, жазушы-табиғат зерттеушісі Борис Щербаков, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері, генерал-майор Ержан Исақұлов және өңірдің т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сонымен қатар шараға өлкетану музейінің қызметкерлері мен тарих факультетінің студенттері белсене қатысып, көрмені үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Іс-шара қонақтарға рухани әсер сыйлап, түркі дүниесінің ортақ құндылықтарын ұлықтауға бағытталған маңызды мәдени басқосу болды.
Байланыс тел.: 261333 (119)


































































