phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Желтоқсанның өшпес үні»  облыстық жас ақындар айтысы

«Желтоқсанның өшпес үні»  облыстық жас ақындар айтысы

 Кітапханада Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығына және Шығыстың қаһарман қызы Сәбира Мұхамеджанованы еске алуға арналған облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Айтыс ШҚО «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігі, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана және облыстық «Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебінің» бірлесуімен ұйымдастырылды.

Рухани кешке 1986 жылғы тарихи оқиғаның куәгерлері – желтоқсаншылар, Сәбира Мұхамеджанованың құрбылары мен замандастары арнайы қатысып, жастарға ақ тілектерін білдірді.

Айтысқа Өскемен, Тарбағатай, Зайсан, Риддер өңірлерінен келген мектеп оқушылары мен студенттерден құралған 10 жас ақын қатысып, ел тарихы, тәуелсіздік тағылымы, туған жер мен ұлт рухы туралы жыр толғап, өзара сөз сайысына түсті.

Қазылар алқасының құрамында «Айтыстың Ақтаңгері», ҚР мәдениет қайраткері, ақын-журналист Серік Құсанбаев, ШҚО «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов, ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, облыстық «Ақтан Нұрбаев атындағы» ақындар мектебінің директоры Серік Қуанған болды.

Жастар айтысы бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылардың суырып салмалық қабілеті, сөз саптауы мен ұлттық рухты жырлау шеберлігі бағаланды.

Айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Зайсан өңірінің намысын қорғаған Айғаным Балғабаева иеленді. І орын С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Асылбекқызы Аймерейге бұйырды. ІІ орынды жас ақын Ермеков Әли мен Мұратханұлы Мұхтар өзара бөлісті. Ал ІІІ орын Ержан Жания мен Тарбағатай өңірінен келген Оралбек Бауыржанға табысталды.

Тағылымды шараның басты мақсаты – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жас ұрпаққа насихаттау, Сәбира Мұхамеджанованың ерлігін ұлықтау және жас айтыскер ақындардың өнерін қолдау.

Айтыс барысында жас жүйріктер жалынды жырларымен көрерменнің ықыласына бөленіп, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 Aitys 1  Aitys 2  Aitys 3  Aitys 7  Aitys 12  Aitys 13
 Aitys 10  Aitys 9  Aitys 14  Aitys 15  Aitys 17  Aitys 20
 Aitys 11  Aitys 19  Aitys 5  Aitys 16  Aitys 18  Aitys 8

 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp