phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Қалихан Ысқақ оқулары»: облыстық байқау

«Қалихан Ысқақ оқулары»: облыстық байқау

27 наурыз күні кітапханада қазақ прозасының көрнекті өкілі Қалихан Ысқақтың шығармашылығын дәріптеуге арналған «Қалихан Ысқақ оқулары» облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті.

Әдеби шараға өңір мектептері мен колледждерінің студенттері қатысып, қаламгердің драмалық шығармалары негізінде сахналық қойылымдар ұсынды. Байқаудың мақсаты – жазушы мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, көркем сөзге деген құрметті арттыру және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты дамыту.

Қатысушылар «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Алтайға Абай келді», "Жан қимақ" сынды шығармалар желісі бойынша әсерлі қойылымдар көрсетіп, актерлік шеберлік пен сахналық мәдениеттерін жоғары деңгейде танытты. 

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

Бас жүлде – «Қалихан Ысқақ атындағы орта мектеп» (Катон-Қарағай ауданы)

І орын – Жарқын Айдос,  Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті

ІІ орын – Самар ауданы «Абай атындағы орта мектебі» КММ, №47 жалпы білім беретін мектеп

ІІІ орын –№27 орта мектеп, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Сонымен қатар, байқау аясында арнайы номинациялар табысталды:

– «Қарасөздің қас шебері» – Абылмажинова Аяулым

– «Көрермен көзайымы» – Кыдырмолдин Фарид және Жанымханова Жібек

– «Қалихан Ысқақ атындағы» арнайы жүлде – Кәсіп Айым

Аталған байқау жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық руханиятты дәріптеуге зор үлес қосты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады.

 Qalihan oqulary 1  Qalihan oqulary 12  Qalihan oqulary 11  Qalihan oqulary 4  Qalihan oqulary 5 Qalihan oqulary 7   Qalihan oqulary 9
 Qalihan oqulary 21  Qalihan oqulary 22  Qalihan oqulary 20  Qalihan oqulary 19  Qalihan oqulary 16  Qalihan oqulary 14  Qalihan oqulary 3
 Qalihan oqulary 18  Qalihan oqulary 10  Qalihan oqulary 13  Qalihan oqulary 2  Qalihan oqulary 6  Qalihan oqulary 17  Qalihan oqulary 8

 

Байланыс телефоны: 87474117319 (Ұлпан Қанатқызы)


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp