«Әлихан идеясы – Мәңгілік Ел мұраты»: тарихи дебат
5 наурыз күні кітапханада Алаш қозғалысының негізін қалаушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына орай “Әлихан идеясы - мәңгілік ел мұраты” атты студенттер арасында дебат турнирі өтті.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866–1937) – қазақ саяси элитасының негізін қалаушы, ұлттық намыс пен еркіндіктің символы. Санкт-Петербург орман институтын тәмамдаған кәсіби экономист-ғалым бола тұра, ол бүкіл ғұмырын халқының теңдігі мен бостандығына арнады. Бұл шара — ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының асыл мұрасы мен бүгінгі тәуелсіздік құндылықтарын ұштастыратын бірегей зияткерлік көпір.
Ұлт көсемінің саяси мұрасын дәріптеу және жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс тартысты әрі мазмұнды өтті. Студенттер ұлттық құндылықтар мен мемлекетшілдік идеяларын заманауи тұрғыда талқыға салды. Бұл жолғы пікірсайыстың ерекшелігі – қатысушылардың жеңіске деген таласынан гөрі, Алаш идеясының айналасында бірігуі болды. Сайыс қорытындысы бойынша «достық жеңіп», қатысушылар бір-біріне деген құрметі мен ортақ мақсатқа адалдығын көрсетті.
| |
|
|
|
|
|



























