«Ақынның ізімен-Рухани саяхат» танымдық куиз
13-наурыз күні кітапханада жүз жасаған бәйтерек, жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ақын шығармашылығына арналған танымдық куиз ойыны өтті.
Ойынның мақсаты: Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың бай мұрасын оқушылар арасында кеңінен дәріптеу, жастардың тұлға тарихына деген қызығушылығын арттыру және интеллектуалдық қабілеттерін шыңдау.Ойынға №3 Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицейі мен №14 орта мектеп оқушылары қатысты. Ойын барысында оқушылар ақынның өмірі мен жырларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сарапқа салды.
Интеллектуалды дода тек жарыс емес, ұлы тұлғаның мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берген тағылымды кеш болды. Тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша үздік шыққан командалар:
1-орын: «Жамбыл Star» командасы - ерекше жылдамдық пен терең білім көрсетті!
2-орын: «Дәстүр» командасы - ақын мұрасына деген адалдықтарын дәлелдеді.
3-орын: «Парасат» командасы - логикалық ойлау қабілетімен көзге түсті.
| |
|
|
|
|
|
|



























