Сәуле Досжанның «Қасірет пен Тағдыр» кітабының онлайн талқылауы
Кітапханамызда ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сауле Магазбеккызы Досжанмен онлайн кездесу өтті.
ZOOM платформасында өткен іс-шараның мақсаты – Семей полигонының тарихын, ядролық сынақтардың адам тағдыры мен қоршаған ортаға тигізген зардаптарын насихаттау, жас ұрпаққа бейбітшіліктің маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» шығармасындағы Семей полигоны қасіретін бастан өткерген жандардың тағдыры сөз болып, кітаптың идеялық мазмұны талқыланды.
Сәуле Досжанның «Қасірет пен Тағдыр» кітабы – өткенді еске алуға ғана емес, бейбіт болашақтың бағасын түсінуге үндейтін шығарма.
Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін жүздеген ядролық сынақ жүргізіліп, оның зардабы бірнеше ұрпақтың тағдырына әсер етті. Бұл – ұлт жадынан өшпейтін қасірет. Сондықтан полигон тарихын білу, оның зардаптарын ұмытпау және кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ парыз.































