«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жаңа кітабының талқылауы
Кітапханамызда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған кездесу өтті.
Іс-шараға саяси партия өкілдері, ақсақалдар алқасының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала мамандары, кітапхана оқырмандары мен қала жастары қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген қоғамның өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Ынтымақ пен бірлік», «Тіл», «Тарих, мәдениет және руханият», «Білім және ғылым», «Жастар» бағыттарына қатысты ой-тұжырымдар сараланды.
Қатысушылар кітаптағы идеялардың бүгінгі қоғам үшін маңызына тоқталып, әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, азаматтық сана және елге қызмет ету құндылықтары төңірегінде пікір алмасты..
Кездесуде кітаптың тек қоғамдық-саяси мазмұны ғана емес, оның азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырудағы маңызы да атап өтілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қоғамдағы өзгерістер мен ел дамуының басым бағыттары жөнінде ашық пікір алмасты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырумен қатар, заманауи қоғамдық үдерістерді тереңірек түсінуге, ел дамуына қатысты маңызды мәселелерге азаматтық көзқараспен қарауға ықпал ету.
«Шындық айтылған жерде – сенім қалыптасады. Сенім бар жерде – әділетті қоғамның негізі қаланады».
Кездесу осы ұстаным аясында мазмұнды пікір алмасу мен ашық диалогқа ұласты.































