phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

«Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен»  атты көрме-байқауын өткізу бойынша  ЕРЕЖЕ

«Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен» атты көрме-байқауын өткізу бойынша ЕРЕЖЕ

Жалпы ереже

«Әлем таныған Әуезов» суретшілер байқауын өткізу Ережесі оның мақсатын, міндеттерін, форматын және өткізу тәртібін айқындайды.

Байқау қазақ әдебиетін әлемге танытқан ұлы ғалым-жазушы, көркем ойдың алыбы, қазақ драматургиясының іргетасын қаласқан тұңғыш драматург, әлем әдебиеті классиктерінің туындыларын аударған аудармашы, оқу орындарында дәріс беріп, оқулық жазған ұлағатты ұстаз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туылғанына 125 жыл толған мерейтойына арналады.

Көрмені ұйымдастырушы: А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы
Байқаудың тақырыбы: «Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен»
Байқауды өткізу уақыты: Жұмыстарды қабылдау (алдын ала іріктеу) – 1 маусымнан – 15 қазанға дейін
Қазылар алқасының жұмысы: 16-20 қазан
Байқау жеңімпаздарын марапаттау – 21 қазан
Байқауға қатысқан көрме жұмысы – 21 қазан – 31 желтоқсан
Өтетін орны: А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы, Қазақстан, 102

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

Жобаның мақсаты: Ұлттық құндылықтар мен қазақ әдебиетін насихаттау, М.Әуезов шығармашылығын зерделеу және зерттеу, оны келер ұрпаққа жеткізу, дарынды жерлестерімізді қолдау.

Байқаудың міндеттері: М.Әуезов шығармашылығын насихаттау арқылы қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Қатысушылар

Көрмеге қала мен облыстың суртешілер қатысады. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Байқау жұмысына қойылатын талаптар:

- ұсынылған суреттер байқау мақсаттарына, міндеттеріне сәйкес келіп, тақырыпты ашуға тиіс;
- жұмыс кенепте, қағазда немесе картонда кез-келген техникада (акварель, гуашь, пастель, май, тушь және басқа материалдар) орындалады. Көлемі 1 метрден аспау керек. (Мысалы: 80*60, 70*60, 60*50, 50*40). Жұмыстарды инновациялық әдістермен жасау құпталады;жұмыстардың әрқайсысында оның қысқаша түсіндірме жазбасы болуы керек (жаңа бейнелеу өнер технологиялары, аралас техникалар, заманауи авангард стилистикасы);
- байқауға әр автордан тек үш жұмысқа дейін ғана қабылданады;
- барлық жұмыстар көрмеге дайын жеткізілуі керек. Жұмыстар жақтауланған (ағаш немесе пластик), олардың арнайы ілгіші болуы керек. Автордың аты-жөні, жасы, тұратын жері (кала, аудан, ауыл), жұмыстың атауы, орындау техникасы, мектеп (колледж немесе изостудия), жетекшісі болса, аты-жөні және тегі, көрсетілуі тиіс.

Бағалау критерийлері:

– өзіндік ерекшелігі;
– тақырыптың тереңдігі мен мағынасын беру;
– көркемдік шеберлік негіздерін меңгеру.
– күрделілік дәрежесі;
– ой ерекшелігі;
– көркемдік мәнерлілік (композициялық және түстік шешім).

Байқауды өткізу шарттары:

– байқауды ұйымдастырушылар жүлделі жұмыстардың кез келгенін кітапханаға таңдап алып қалуға құкылы.
– жобаны ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардың жолақысы мен тұру (қону) шығындарын төлемейді.

Марапаттау:

– байқаудың салтанатты марапаттау шарасында байқау жеңімпаздарына - Бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орын және ынталандыру сыйлықтары беріледі.
– байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар, сыйлықтар және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.


Байланыс телефоны:
26-13-33, ішкі номер 123
87052819343 – Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp