phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі еңбектерінің екінші томының тұсаукесері

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі еңбектерінің екінші томының тұсаукесері

19 қыркүйек А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында КМҰТП-ның жиырма жылдығына орай шығарылған Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі еңбектерінің екінші томының тұсаукесері өтті.

Презентацияның мақсаты – Қазақстан Республикасының ең үлкен ерекше қорғалатын табиғи аумағының қызметімен таныстыру, қоғам назарын адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелеріне аудару, қоршаған ортаны құрметтеуге үйрету.
Басылымда парктің құрылу тарихы, физикалық-географиялық жағдайы, функционалдау және даму мәселелері, сонымен қатар аймақтың биологиялық алуантүрлілігін зерттеуге арналған 19 мақала ұсынылған. Мақалаларда ұлттық парктің флора мен фаунасының сирек кездесетін түрлері туралы құнды деректерді табуға болады.
Жинақта Қазақстан, Ресей, Германия және Чехия ғалымдарының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалалары ұсынылып, басылым түпнұсқа фотосуреттермен әсемделген.
Аталған еңбек зоолог, ботаник, эколог, орман өсіруші мамандарына, табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне, жаратылыстану және орман шаруашылығы жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, биология, география және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдеріне, өлкетанушыларға, сондай-ақ табиғатты зерттеу және қорғау мәселелеріне қызығушылық танытқан оқырмандардың кең ауқымына арналған.

park katon karagai 1 park katon karagai 2 park katon karagai 3 park katon karagai 4 park katon karagai 5
park katon karagai 6 park katon karagai 7 park katon karagai 8 park katon karagai 9 park katon karagai 10

 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp