Оралбек Булжановтың «Балабақшада» атты кітабының тұсаукесері
2022 ж. 4 қарашада сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстандағы «Балалар жылы» аясында жерлес жазушы Оралбек Булжановтың «Балабақшада» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Кітап авторы Оралбек Рәбілұлы Булжанов - Күршім өңірінің тумасы ақын, аудармашы, сазгер, әнші, термеші.
Ұзақ жылдан бері «Күршім ауылы» балабақшасында музыка жетекшісі болып қызмет атқарып келе жатқан Оралбек ағаның ұстаздық жолындағы еңбектері мемлекет тарапынан лайықты бағасын алған. 2014-жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағына енгізіліп, 2018 жылы «Өнерге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. 2007-2019 жылдар аралығында шыққан 38 әніне авторлық құқығы қорғалып, Астана қаласынан куәлігі табыс етіледі. Оралбек ағаның «Алфавитте айтады елдің қамын» атты өлеңі Қазақстан Республикасы бойынша алфавитке құрылған жалғыз өлең болғандықтан ҚР ақпарат және коммуникация министірлігінде тіркелген.
Оралбек Рәбілұлының биылғы балалар жылына орай шыққан, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балабақшада» кітабы балаларға арналған нағыз базарлық болып отыр.
Сыртқы бетінің безендірілуімен бірден көз тартатын кітап "Балабақша гимні" ән-өлеңімен басталып балабақшада өтетін әр бір мерекеге арналады. Сонымен қатар балаларға арналған шағын әңгімелер, аударма өлеңдер, әр түрлі тақырыптарды қамтитын тақпақтар мен қызықты жұмбақтарға толы. Бұл кітап тәрбиеші мен ата-анаға көмекші құрал болуымен қатар, баланың түсінігіне лайық жеңіл, тілі жатық, әрі ірі әріптермен жазылған.
Автордың бұл кітабында енген балалардың тілін, ойлау қабілетін дамытуға арналған туындыларын балаларыңыз бен немерелеріңізге оқып беруге асығыңыздар.
Байланысшы: Құдайбергенова Н.Қ.
87055412525