Курс аясында қатысушылар электроника саласындағы бұрыннан бар білімдерін тереңдетеді, arduino тақтасында жобалар жасауды үйренеді. Сондай-ақ, қатысушылар бағдарламалау бойынша білім алып, arduino контроллері мен әртүрлі сенсорларға арналған жобаларды жүзеге асырады.
Курс әр сейсенбі сайын 16:00-ден 2 сағатқа дейін 7 апта бойы 8 қараша мен 20 желтоқсан аралығында өтеді, сабақтар кітапхананың 1 қабатында (14 бөлме) орналасқан Makerspace Oskemen шығармашылық алаңында өтеді. Оқытушы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің маманы Дмитрий Порубов.
Қатысу шарттары:
- Жас шегі: 15 жас және одан жоғары
- Оқыту тілі: орыс тілі.
- Сыныпта өзіңізбен бірге жеке ноутбук (болмаса, біз шығарып береміз) және жазбаларға арналған дәптер болғаны жөн.
Байланысшы: Оқас Айжан; Тел.: 87074631522