phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

«Шынның жүзі Шераға» онлайн сұхбат

«Шынның жүзі Шераға» онлайн сұхбат

Бүгін, яғни 9 қараша күні  кітапхананың ұйымдастыруымен Zoom платформасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, шерхантанушы Көпбаева Меруерт Рахымбайқызымен Ш.Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шынның жүзі Шераға»тақырыбында онлайн сұхбат өтті.

314180738 5362002263927105 3004607683853627204 nОнлайн шараның қонағы Меруерт Рахымбайқызы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін «Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы көркемдік таным және авторлық концепция» тақырыбында қорғап, мектептерге арналған «Шерхан Мұртаза шығармашылығын мектепте оқыту жолдары» әдістемелік құралын дайындаған.
Эфир барысында Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы танымды да тұщымды әңгіме өрбіді. Эфирдің толық нұсқасы кітапханамыздың YouTube каналына жүктеледі...

Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-аудармашы, «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерінің иегері Шерхан Мұртаза – 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің тілшісі, «Лениншіл жас» газетінің, «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, ҚР мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарды. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болды.
Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан», бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары, шығармаларының төрт томдығы, 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда» (К.Смаиловпен бірге), «Бір кем дүние» кітаптары жарық көрді. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш. Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; М. Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы», Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» повестерін, Э. Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын тәржімалады.


Байланыс тел.26-13-33


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp