phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

Кітапханадағы медиасауаттылық

Кітапханадағы медиасауаттылық

7 желтоқсан күні Қазақстан кітапханашыларының кәсіби дамуына қолдау көрсететін халықаралық вебинарлар циклі басталады. Жоба АҚШ Мемлекеттік департаментінің Мәдени және білім беру бағдарламалары Бюросының Американдық бұрыштары бағдарламасы көмегімен жүзеге асырылады. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бастамасы, мақсатының бірі – Қазақстан кітапханаларының әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануына ықпал ету болып табылатын «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің жұмысы аясында іске аспақ.

 

Жобаның тағы бір серіктесі – мүшелері алдағы вебинарлардың спикерлері болып табылатын Американдық кітапханалар қауымдастығы. Жобаның ашылу салтанатына АҚШ-тың Астана қаласындағы Елшілігі мен Иллинойс штаты, Чикаго қаласының Американдық кітапханалар қауымдастығының өкілдері қатысады.

Барлық вебинарлар республиканың түрлі ведомстволары кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен Zoom платформасында қашықтан өтеді. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріне қатарлас синхронды аударма ұйымдастырылады.

Айына 2 вебинардан, барлығы екі сағаттық 8 вебинар ұйымдастыру жоспарлануда, олардың алғашқысы қазіргі заманның өзекті тақырыбы – медиасауаттылықты қамтиды. Медиасауаттылық тұжырымдамасы қандай? Медиасауаттылық тәжірибесін кітапхананың күнделікті тәжірибесіне қалай енгізуге болады? Қатысушылар осы және басқа да сұрақтарға бірінші вебинардың өзінде-ақ жауап алады, вебинар спикерлері:

- Эмбер Конгер – Оңтүстік Каролина, Лексингтондағы Лексингтон округі кітапханасы директорының орынбасары. Оңтүстік Каролина Кітапханалар қауымдастығының президенті (2017), Оңтүстік Каролинаның Көрнекті кітапханашысы (2018), Теннесси Университетінің Ақпараттық ғылымдар мектебінің «Инноватор түлектер сыйлығының» иегері. Американдық кітапханалар қауымдастығының белсенді мүшесі, АКҚ-ның Қоғамдық бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып кеңес беру функцияларын атқарады.

- Кристен Калверт – Техас штатындағы Далластың  Орталық ауданындағы мемлекеттік көпшілік кітапханалар жүйесінің Эрик Йонссон Орталық кітапханасының меңгерушісі. Кітапхана қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламалары мен тренингтер өткізеді. Американдық кітапхана қауымдастығының белсенді мүшесі, кітапхана мамандары арасында медиасауаттылық пен оның принциптерін тарату іс-шараларына қатысушы.

2023 жылдың күзінде, жоба аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар кітапханашыларға арнап мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды оқулық шығаруды жоспарлап отыр.

 

Байланыс үшін: +7 777 382 6724 , Бибігүл Шағиева


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp