phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Көптен күткен жаңа қоныс

1984 жыл қарсаңында қала басшыларының шешімімен А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Ушанова (қазіргі Қазақстан көшесі) көшесіндегі жаңа ғимаратқа көшіріліп, бүгінгі күнге дейін осы мекен-жайда қызмет көрсетіп келеді.
Кітапхана директоры Ю.Ф.Шугринаның естеліктерінде: « ... Сол кездегі кітапханашылардың қуанышы, жұмыс істеуге деген құлшынысы, кітапхана қорлары мен каталогтарын, өзге де мүліктерді буып-түйіп, көшірудегі  көңіл-күйін сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Кітапхана1984 жылдың басында ашылды».
 
Облыстың кітапхана ісі дамуының бүкіл кезеңі 1974-1990 жж. директордың міндетін орындағанЮ.Ф.Шугринаның есімімен байланысты. Ол керемет стратег, әдіскер, білімді, жоғары санатты кәсіпқой, технологиялық үдерістерді жетік меңгеріп, кітапханашыларды жаңашылдықтарға икемдей білді. Бұл - кітапхана желісін қайта ұйымдастыру және оңтайландыру – орталықтандыру, кітапхана – библиографиялық классификацияны тәжірибеге енгізу кезеңі еді. Кітапханада жаңа құрылымдық бөлімдер қалыптаса бастады – ауыл шаруашылық, өнер, шетел тілді әдебиеттер бойынша, тіркеу және бақылау бөлімдері. Оқырмандар арасында: бригадалық абонемент, ақпаратты таңдап тарату жүйесі кеңінен қолданылды. 
Уақыт жаңалығы – қорларға ашық қолжеткізу мүмкіндігі болды, бүгінгі күні ақпарат қолжетімділігі деп аталады.

Ақылымен қоса ақысыз баспа әдебиеттердің болуы – қорды толықтыра түсті.

Кітапхана үдерісін автоматтандыру бастама алды: құжаттардың көшірмесін жасау, көбейту құралы – ротатор, жазу машинасы; микрофишаларда ақпарат іздеп, оқу аппараты пайда болды. Еңбек тәртібі жөнінде әдістеме енгізілді.

Кітапхана – ғылыми-әдістемелік, зерттеу, анықтама-библиографиялық орталыққа айналды.

Юлия Федоровна өз міндетін 16 жыл бойы талмай атқарып келді. Көптеген медаль, грамоталармен, соның ішінде КСРО кітапханашыларының жоғары сыйлығы –Н.К.Крупский атындағы медальмен марапатталды. Оның есімі Қазақ КСР-ң Алтын Құрмет Кітабына енген.

Ю.Шугрина өмірінің кейбір белестері. Ол Қазақстанға Саратов мемлекеттік университетін тәмамдаған соң, жас маман болып келген еді. Ол 22 наурызда, яғни күллі Қазақстан тойлайтын мерекелі күні дүниеге келген.

 

1986 жылы кітапхана өзінің 90 жылдығын атап өтті. «Рудный Алтай» газеті директор Ю.Ф. Шугринаның «Облыстағы ең көне» атты мақаласын жариялады: «Бүгінгі күні облыстық кітапхана – республикадағы ең ірі кітапханалардың бірі. Оның кітап қоры – 400 000 дана баспа әдебиет пен 311 мерзімді басылымдардан тұрады...». № 10 000 оқырман билеті – мерейтойға жасалған ең ірі сыйлық еді. Оның иегері – қалалық Пионерлер үйінің әдіскері – Н. Қырсанова болды.
 


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp