phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Тәуелсіз жылдар жемісі

 
1996 жылғы қарқын әлі де толассыз даму үстінде. Жыл сайын жаңалықтар енуде. Жаңа мыңжылдыққа жаңа жетістіктермен қадам бастық.
Біздің жетістікке жету кезеңдеріміз:    
                           
2000 ж. - «Шығыс Қазақстан Интернетте» алғаш өлкетану сайты. АҚШ Мемлекеттік Департаменті гранты мен IATR\IREX бағдарламалары. 2000 жылы кітапханамыз «Tacis» Британ қоры мен РМК ұйымдастыруымен, ТМД елдерінің кітапхана сайттары арасында өткен сайыстан 2-орын алды.

2001 ж. сәуір -  Өңір кітапханашыларын кәсіби қолдау мақсатында «Жарқын идея» шығармашылық  лабораториясы.  ACTR/ACCELS гранты.

2001 ж. қараша – кітапхана техникалық жабдықталды, құжаттардың электронды жеткізілімі (ҚЭЖ) енгізілді, ауыл кітапханаларында компьютер желісін құруға жағдай жасалды. «Ашық Қоғам» Институтының гранты.

2001 ж. қараша – Интернет-тренинг. АҚШ Мемлекеттік Департаментінің гранты.

2002 ж. ақпан – «Ашық қала» жобасы – е-үкімет құруға алғаш қадам жасалды. Серіктестер: «Сорос-Қазақстан» қоры, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» қоғамдық қоры, Өскемен қаласының әкімдігі.

2003-2004 жж. – ШҚО орталық  кітапханаларының бірыңғай ақпараттық компьютерлі желісі құрылды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің гранты.

2003 ж. қыркүйек – Жинақты өлкетану онлайн каталогы құрылды. «Сорос-Қазақстан» қорының гранты.

2004 ж. - «Заманауи қоғамдағы ХХІ ғасыр кітапханашысы» республикалық конференциясы.

2006 ж. – Кітапханамызға 110 жыл толды! Жыл көлемінде оқырмандар саны – 17858, жалпы келушілер саны – 222363 адамды құраған. Есеп беру баяндамасында: «... Интернет зал, Тренинг Орталығы, каталогтар залының компьютерлері жаңартылды ... біз Америка мәдени орталығына қосымша  компьютерлер, лазерлі принтер, бейнекамера сатып алдық ...». Осы мерейтойлы жылы кітапханамызда «Бірлескен ықпалдастық жөнінде» республикалық семинар өтті. Семинар барысында шығыс қазақстандық мамандар бірлескен технологияларды: құжаттардың электронды жеткізілімі, виртуалды анықтама қызметі, алыстағы дерекқорлардан ақпарат іздеу т.б.пайдалану жөнінде әңгімеледі.

2007 ж. – Интернетті ақысыз пайдалану жобасы.


2008 ж. - сымсыз Интернет - Wi  - Fi орнатылды.
 
2010 жылы біздің қызметімізді 18 000-нан астам оқырман пайдаланды. Барлық қол жеткізген жетістіктер маңызды компоненттерсіз іске асуы мүмкін емес еді. Бұл – жастар тәлім алып, үлгі тұтатын ұйымшыл әрі кәсіби ұжым: Н.В. Панова, Ш.Н. Сақыбаева, Г.А. Меньшикова, Н.Б. Харламова, И.В. Налетова, Е.Н. Костюк және т. б. Бұл – сауатты әрі заманауи жаңашыл-жетекші Х. М. Ақжігітова, «С любовью к книге» атты кітапханашыларға арналған алғашқы деректі фильмнің кейіпкері. Тек олардың бірлескен әрі үйлесімді жұмысы ғана кітапхананың «Білім әлемінде жетекші жұлдыз болу, азамат тәрбиелеу және ұлт рухын нығайту» тәрізді басты миссиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2011 ж. - бейнебайланыс, жедел хабарламалармен алмасуға мүмкіндік беретін – «Skype» орнатылды.

2011 жыл – кітапханаға 115 жыл!

Кітапханамыздың 115 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында кітапханамыз жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі күні ол заманауи ақпарат, кәсіби білім мен мәдениеттің жоғары технологиялық орталығы болып отыр. Мұнда ақпараттық технологияларды игеруге бағытталған заманауи жобалар туындап, жүзеге асырылады. Кітапхана тек Шығыс Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар бүкіл Республика, Орта Азия мен Ресей кітапханалары үшін техникалық тренинг өткізу орталығына айналды. Біз әлемдік Кітапханашылар Қауымдастығы – ИФЛА-ға ендік. Онда бізді лайықты серіктес ретінде таниды.

2011 жылы бейне байланыс және жедел хабар алмасуға мүмкіндік беретін Skype бағдарламасы орнатылды.
«Ашық кітапхана» жобасы жүзеге асырылды. Радиожиілікті сәйкестендіру (RFID) технологиясын енгізу нәтижесінде кітапхана қоры оқырманға ашық пайдаланымға берілді.
Кітап қоры толығымен еркін қолжетімді. Әдебиеттер тақырыптық блоктар бойынша орналасқан – бұл қажетті басылымдарды оңай табуға көмектеседі. Монитордан электронды кітаптарды оқуға, еліміздің және әлемнің басқа кітапханаларынан басылымдардың көшірмелеріне тапсырыс беруге болады.
Осы жылдың соңғы айында кітапханада жұмыссыз жастар мен халықтың басқа да санаттарына е-білім беруге көмек ретінде «IT-OTAU» жастар орталығының тұсаукесері өтті. Жоба технократия мен руханиятты, дәстүрлі және заманауи ақпараттық технологияларды үйлестіруге бағытталған. Қазақ киіз үйі Wi-Fi байланысымен, веб-камералары бар ноутбуктармен, сканер/ксерокспен, электронды тренажер-оқулықтармен жабдықталған.

2011 жылы Skype - лездік хабарлама алмасу және бейнебайланыс бағдарламасы орнатылды. Кітапхана ашық қорға көшті. Барлық әдебиеттер еркін пайдаланымда. Әдебиеттер тақырыптық блок бойынша орналастырылған, бұл - қажетті басылымды оңай табуға мүмкіндік береді. Электронды кітаптарды монитордан оқып, басылым көшірмесіне әлемнің өзге ел кітапханаларына тапсырыс бере аласыз.

Өткен жылдың соңғы айында кітапханада «ІТ-отау» жастар орталығының тұсаукесері болды. Жоба технократия мен руханилық, дәстүрлі және заманауи ақпараттық технологияларды біріктіруге бағытталған. Отау Wi-Fi байланысы, веб-камералы ноутбуктар, сканер/ксерокөшірме, электронды оқулықтармен жабдықталған.


Кез-келген кітапхананың басты байлығы – оның ақпараттық әлеуеті. Бүгінгі күні ол – 400 000-нан асатын қазақ, орыс, ағылшын, неміс тіліндегі алуан түрлі басылымдар. Сонымен қатар, XIX ғ. соңы мен XXI ғасыр анықтамалық әдебиеттеріне, медиа-ресурстар топтамасына да бай. Кітапхана: А. Волков, Н. Горбачев, А. Егоров, М. Мусин, С. Черных, Б. Щербаков т.б. тәрізді зерттеуші-ғалым, жазушылардың еңбектерін жоғары бағалап, мақтан етеді.

Ғасырдан астам тарихы бар кітапханамыздың оқырмандары еш толастаған емес. Олар – беделді, алғыр, соңғы шыққан кітаптарға әуес азаматтар. Бізде кітапхананың қалыптасуымен бірге 50-60 жыл жасасып, ХХІ ғасырда да оның игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан оқырмандарымыз аз емес.

Біз мақтан ететін азаматтар қатары да аз емес. Кітапханамыздың қызметін ғалым-математик, ертегіші А.М.Волков, өзінің жеке мұрағатының бір бөлігін кітапханаға табыс еткен, болашақ «Словарь русских личных имен» еңбегінің авторы – Н.А.Петровскийлер пайдаланған. Көрнекті кеңес жазушысы Е.Н.Пермитин де осы жерден тәлім алған. Ефим Николаевичтің естеліктері бойынша, Л.Сейфулинаның «Четыре главы» повесі мен «Сибирские огни» журналы, «Охотник Алтая»-ны әдеби-көркем журнал етіп шығаруға ой салды. Журналдың бірнеше саны сирек кездесетін әдебиет ретінде бүгінгі күні кітапхананың сирек қорында сақтаулы.

Оқырмандарымыздың қатарында мынадай әйгілі азаматтар бар: Г. Д. Гребенщиков, П. П.Бажов, М. Ф. Иванусьев-Алтайский, Н. И. Анов, П. Н. Кузнецов, Қ. Қайсенов, С. М. Анисимов, Д. Ф. Черепанов. Тарихшы, өлкетанушы С.Е.Черных, ғалымдар тобы: С. Аманжолов, Н.В. Алексенко, С.К. Игибаев, А.В. Егориналар еңбектері кітапхана қорынан ерекше орын алады.
2012 ж. – «Ақпараттық қоғамға арналған кітапханалардың технологиялық инновациялары» атты республикалық форум өтті.

2012-2015 жж. – БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп «Ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың Онлайн орталықтары» жобасы жүзеге асты.
2013 ж. – Көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушыларға арналған арнайы жабдықтары бар мамандандырылған қызметтер залы ашылды.
2014 ж. – «Біздің Абай / Наш Абай» толықмәтінді электронды кітапханасы жасалды (http://abai.pushkinlibrary.kz ), онда Абай Құнанбайұлының шығармалары мен абайтану бойынша әлемнің бірнеше ондаған тілдеріндегі әдебиеттер жинақталған.
«Болашаққа арналған кітапханалар» республикалық форсайт-конференциясы.
«Көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта» жобасы.
2015 ж. – «Жоба кітапхананы дамыту стратегиясы ретінде» республикалық конференциясы.
«Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» халықаралық жобасы жүзеге асырылды.

2016 жыл – кітапханамызға 120 жыл!

Кітапхананың «IT-OTAU» стендтік баяндамасы АҚШ, Огайо штаты, Колумбус қаласында өткен IFLA конференциясында үздік деп танылды.

«Өскемен қаласының үздік Кедергісіз нысаны» номинациясы бойынша кітапхана конкурс жеңімпазының дипломына ие болды.

«Қайым Мұхамедханов» электронды библиографиялық көрсеткішін жасау бойынша жұмыс бастау алды http://kray.pushkinlibrary.kz/ru/k-mukhamedkhanovu.html

2017 ж. – «Оқырманы озық өлке» республикалық байқауының жеңімпазы.
3D-принтер, фрезерлік, лазерлі-нақыш жасау, ағаш өңдеу және металл кесу станоктары, техникалық модельдеуге арналған құралдар жиынтығымен MAKERSPACE шығармашылық шеберханасын ашу.

2018 ж. Ruhani K«Рухани қазына» мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің бірінші фестивалінде «Облыстық маңызы бар Үздік мемлекеттік кітапхана» номинациясында жеңіске жетті.
2019 жыл. Oskemen-book review-2019 кітап көрме-жәрмеңкесі өтті, оған облыс орталығының баспа, кітап саудасы, ғылыми-білім беру ұйымдары: «Шығыс Ақпарат», «Медиа Альянс», «Восток-Печать», «Артекс» баспа-полиграфиялық фирмасы қатысты.
«Геология – тағдырым»: 12 сәуірде атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығы аясында ғалымның немересі Александр Третьяковпен кездесу өтті.
21 қыркүйекте кітапханаға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев келді.
2020 ж. Кітапхана мамандары құрастырған «Қайым Мұхамедханов» библиографиялық көрсеткішінің баспа нұсқасы жарыққа шықты.
IMG 9322Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалінде «Жидебайға саяхат» бейнефильмі қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді.
Абайдың өмірі, шығармашылығымен байланысты тарихи және киелі орындармен таныстыратын «Абайдың киелі даласы» / «Абайдың дала планетасы» / «The steppe planet of Abai» үш тілді фотоальбомы жарыққа шықты.
«Өскемен қаласының үздік Кедергісіз нысаны» номинациясы бойынша кітапхана конкурс жеңімпазының дипломына ие болды.
2021 жыл – кітапханамызға 125 жыл!

«Altai» телеарнасының «Киелі Алтай» бағдарламасы аясында кітапхананың 125 жылдығына арналған фильм түсірілді https://oskementv.kz/ru/archive/programs/programs_social/kieli_altai/1175703
IMG 1968Кітапхананың 125 жылдық мерейтойына орай ұзақ жылдар бойы кітапхананың тұрақты оқырманы болып келген Амренова Жазира Үмітханқызы, Кнорре Константин Морисович, Нұрмұханбетов Әлібек сынды азаматтарға құрмет көрсетілді.
«Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Конференция спикерлері – Германия, Эстония,

Литва, Ресей, Өзбекстан тәрізді алыс және жақын шетелдердің ұлттық, республикалық, өңірлік кітапханаларының мамандары оқуды ілгерілету, кітапханаларға арналған маркетингтік стратегиялар саласындағы инновациялық тәжірибелерімен, MakerSpace шығармашылық шеберханалары үлгісінде цифрлық сауаттылықты дамыту тәжірибелерімен бөлісті.

2023 жыл«Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» Интернет-порталы құрылды. Порталға халық ауыз әдебиетінің туындылары: Шығыс Қазақстанның өзен, көл, тау атауларының шығу тарихы туралы қызықты әңгімелер (топонимикалық аңыздар деп аталады); киелі орындар мен нақты тарихи тұлғалар туралы аңыздар; бір кездері Шығыс Қазақстан жерінде өмір сүрген ғажайып және тіпті сиқырлы кейіпкерлер туралы ертегі баяндамалары енген. Порталда жұмыс барысында әртүрлі дереккөздерден аңыздар мен әпсаналарды жинау және оларды аудару бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Порталдың барлық материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Портал мазмұнын толтыру бойынша жұмыс жалғасуда.

2024 жыл - кітапхана сайтында DosAi жасанды интеллектімен виртуалды кітапхана ассистенті жұмыс істей бастады.
9 сәуір 2025 жыл - Кітапхана қорын цифрландыру орталығы ашылды. Баспа қорын цифрландыруды жеделдету үшін кітапханаға екі жаңа планетарлық сканера I2S CopiBook Open System сканері сатып алынды.

18-22 тамыз 2025 жыл - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының делегациясы Астана қаласында өткен IFLA 89-шы Дүниежүзілік конгресінің жұмысына қатысты. Онда кітапхана мамандары бірегей жобалар – «DosAi кітапханалық нейро-ассистенті» және «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» интернет-порталын ұсынды.

2026 жыл – кітапханаға 130 жыл!

Кез-келген кітапхананың басты байлығы – оның ақпараттық әлеуеті. Бүгінгі күні ол – 400 000-нан асатын қазақ, орыс, ағылшын, неміс тіліндегі алуан түрлі басылымдар. Кітапхана қоры XIX-XXI ғғ. бірегей анықтамалық әдебиет басылымдарына, медиа-ресурстар топтамасына бай. Кітапхана А. Волков, Н. Горбачев, А. Егоров, М. Мусин, С. Черных, Қ. Бітібаева, С. Ғабдуллин және т.б. зерттеуші-ғалым, жазушылардың қолтаңбасы қалтырылған басылымдарын жоғары бағалап, мақтан етеді.
Ғасырдан астам тарихы бар кітапханамыздың оқырмандары еш толастаған емес. Олар – беделді, алғыр, соңғы шыққан кітаптарға әуес азаматтар. Бізде кітапхананың қалыптасуымен бірге 60-70 жыл жасасып, ХХІ ғасырда да оның игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан оқырмандарымыз аз емес.

«Пушкин кітапханасы – Шығыс Қазақстан кітапханалар жүйесінің орталығы. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының: «Талап қыл артық білуге» деген қанатты сөзі кітапхананың ұстанымына айналып, оқырмандар мен кітапханашыларға да жігер береді. Біз әр пайдаланушының жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайы мен физикалық мүмкіндігіне қарамастан, барынша жан-жақты қолдау көрсетуге тырысамыз.

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp