Кітапхана – ақпарат, білім және мәдениеттің технологиялық орталығы – жобаны Ашық Қоғам Институты қолдаған (қараша, 2001ж). Грант арқылы біз Интернет-залға қосымша құрал-жабдықтар, үзіліссіз қорек желісін, телефон және факсимилдік аппараттарды, телефон желісін, 8 станцияға мини АТС және жиһаздар алдық. Нәтижесінде біз Интернет-залды кеңейттік, веб-желіні жетілдірдік, Интернеттің үзіліссіз байланысының сапасын жақсарттық, жаңа қызмет түрлерін енгіздік «Виртуалды анықтама қызметі» және құжаттарды электрондық түрде жеткізу. Біздің пайдаланушылардың қашықтан ақпараттық қызметті пайдалану мүмкіндігі бар. Телефон және электрондық почта арқылы кітапхананың электрондық ресурстары мен қызмет түрлеріне байланысты сұрақтарға жауап алуға болады. Мысалы, кітапханада басылымның бар жоғын білу, қажет тақырып бойынша библиографиялық тізімге тапсырыс беру, фактографиялық және тақырыптық ақпараттарды іздеу. Құжаттардың көшірмесін электрондық түрде жеткізу біздің кітапхананың қоры, сол тәрізді, қашықтағы деректер базалары арқылы жүзеге асырылады.
|
Зорлық-зомбылықсыз әлем
04 Желт