"Пушкин кітапханасы" мегажобасы – Сорос-Қазақстан Қорының гранты (ақпан, 1999), мегажобаның арнайы каталогы бойынша басылымдар алуға жеңілдіктер береді. Жоба үш жыл жұмыс істеді. Бұл гранттың арқасында біз өз қорымызды 90-жылдардың соңы 2000 жылдардың басындағы үздік басылымдармен, Ресейдің алдыңғы қатарлы баспа фирмаларының жаңа өнімдерімен толықтырдық: «Алетейа», «Логос», «Амфора», «Вагриус», «Азбука», «Феникс» және т.б. Кітапхана коллекциясы қазіргі заманғы және өте сұраныстағы мәдениеттану, философия, құқық, экономика, тілтану, әдебиеттану және т.б. басылымдармен толықты. Оқу-ағарту әдебиеттерімен бірге, бүкіләлемдік үздік шығармалар, орыс классикасынан бастап, ХХ ғ. шетелдік авторлар Ф. Саган, И. Кальвино, М. Фриш, Д. Делилло т.б. кітаптары алынды. Бұл кітапхана қорының «оңтайландыру» үрдісі мен нарықтық экономикаға кірген кезеңнен кейінгі алғаш рет жаңартылуы еді.