Наурыз 2024
Гүлжан Қазимова Жерлесіміз Гүлжан Ахметбекқызы Қазимованың бұл жинағына бірнеше шығармалары енген. Кітапта аударма, новелла, арнаулар, әңгімелер жарық көрген. Туынды екі бөлімнен тұрады. |
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Гүлжан Қазимова Жерлесіміз Гүлжан Ахметбекқызы Қазимованың бұл жинағына бірнеше шығармалары енген. Кітапта аударма, новелла, арнаулар, әңгімелер жарық көрген. Туынды екі бөлімнен тұрады. |
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Майкл Грегер Медицина ғылымының докторы, дәрігер Майкл Грегердің бұл туындысы екі бөлімнен тұрады: "Неліктен және неге?" және "Қалай?". Адам әрбір күнді бағалап, салауатты өмір салтын сақтай отырып, аурудың алдын алуға болатыны туралы өмірде болған жағдайлармен баяндаған. |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20-50 жылдары
Құжаттар жинағында ұлы ағартушы және қайраткер тұлғаның қауіпті кезеңдегі ұлтының болашағы үшін арпалысты ақтық күресін куәландыратын құжаттық материалдар қамтылды.
|
Қазақстан тарихы Оқулықта көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарих қарастырылған, тәуелсіздіктің тарихи қалыптасу заңдылықтары айқындалып, Қазақстанның даму ерекшеліктері сипатталған.
|
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Бұқарбай батыр Бұқарбай батыр туралы мақала, өлең, тарихи деректер жинағы. |
Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі
= Центрально азиатское сотрудничество в новых геополитических условиях: вызовы и перспективы = The cooperation of central asia in the newgeopolitigal environment: challenges and opportunities Басылымда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруы мен өткен халықаралық конференция материалдары жарияланған.
|
Қытай антропология ғылымының тарихы Бұл алдыңғы жалпылама зерттеулердің негізінде дайындалған және күрделілікті жеңілдету үшін оқыту қажеттіліктеріне негізделген кіріспе оқулық.
|
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Мұрат Сабыр Ежелгі дәуір әдебиетінің мұрасы болған поэманың тілі жан-жақты зерттелген. Оның дыбыс жүйесі, орфографиялық ерекшеліктері, лексикалық қабаттары, тұрақты сөз тіркестері, реликт түбір тұлғалары, морфологиялық көрсетікіштері қарастырылған. |
Тахауи Ахтанов
Боран Шығармада табиғат апатымен алысқан шопан Қоспанның өміріндегі белестері, әділетсіздікпен ұштасқан өмір сабақтарын көрсеткен. Адами қасиетті сақтау көркем тәсілмен жеткізілген.
|
Бошай Кітапбаев Бұл кітапта Бошай Кітапбаевтың тоғыз таңбалы Найман руының тарихына қалам сермеген шығармасынан үзінді, түрлі тақырыптағы ой- толғаныстары, баспасөз бетінде жарық көрген сұхбаттары, фотосуреттері мен мұрағат құжаттары топтасқан.
|
Мұқадес Есләмғалиұлы Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының өзара достық, сыйластық өнегелері, жарғыға татырлық философиялық ойлары көркем бейнеленген.
|
Алпысбай Қазығұлов Суретші А. Қазғұловтың қайталанбас қолтаңбасын және өзіндік дара стилін сауатты құрастырылған композиция мен адам жанының толғанысы мен жай-күйінің нақты суреттелгенінен тануға болады. Картиналары өзінің сезімталдығымен және көркемділігімен ерекшеленеді.
|
Рафаэль Ниязбек Роман саяси-тарихи тақырыпқа құрылған күрделі туынды.
|
Зейнолла Қайсенов Белгілі тарихшы, өлкетанушы Зайнолла Қайсеновтың кітабы қазақ елініің тамырлы тарихын, шынайы шежіресін хаттаған құнды жинақ.
|
Қайрат Сәки Кітап қыпшақ мәмлүктердің аты аңызға айналған басшысы Байбарыстың ХІІІ ғасырда әлемдік өркениеттер мен діндердің бесігінде- Египет пен Сирияда қуатты түркі мемлекетін құрғандығы туралы.
|
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Амангелді Жанахмет Кітапқа журналист, жазушы Амангелді Жанахметтің Дәулетбай батыр ұрпағының шежіресі енген. Соны мен қатар журналистердің, ақын-жазушылардың мақалалары, эссе мен жыр-дастандары, зерттеулер топ тастырылған. |
Дина Мұхамедхан
Ұстаз бен шәкірт Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханов қуғын-сүргіннің қайғылы жылдарында қазақ халқының ғылыми-мәдени мұрасын сақтап қалды. Ұстаз бен шәкірт, аға мен іні, екеуі - бірліктің символы. Зерттеулер мен бірегей материалдар ақиқат тарихының маңызды кезеңдерін түсініп-білуге көмек теседі.
|
Нұрлан Мәукенұлы Өмірден ерте кеткен ақынның таза лирикалық өлеңдері топтастырылды. «Өмір сүрдім, өле сүйдім» деп ақынның айтқанындай, ол өмір де сүре білді, өмірді жырлай да білді, өмірмен бірге өлеңді сүйе де білді... Тіпті өзі сүйген өмірмен қоштаса да білді.
Ақынның нәзік те тегеурінді лирикасы көп те емес, аз да емес, дер шағында қатқа түскен саз дүние. Оған артына қалдырған осы бір мұрасы дәлел. |
Нұрмахан Оразбек Қаламгер, аудармашы Нұрмахан Оразбектің республикалық басылымдардағы мақалалар мен қатар, журналистік жолындағы аудандық, облыстық газеттерде жарияланған материалдары, аудармалары жинақталған.
|
Өтеш Қырғызбаев Кітап ұлттық шертпе күйөнерінің шебері Сүгір Әліұлының өмірі мен шығармашылығына арналған. Созақ өңіріндегі күйшінің ұрпағы мен жақындарының естеліктері, ел арасындағы аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар арқау болған.
|
Шарафат Жылқыбаева Автор кітапта көне жапон мен байырғы көшпенділердің ұлттық тілі мен руханиятындағы үндестіктерді талдаған. Күн шығыс елін әрқырынан көрсететін танымдық публицистикалық мақалалары енген.
|
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Абай Құнанбайұлы Абай шығармашылығы – қай қазақтың болмасын бас қойып, қанып ішер бастау бұлағы. «Қазақтың бас ақыны» атанған оның өлеңдері өзінің құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Осыған орай баспамыз назарларыңызға ұлы ақынның таңдамалы жинағын назарларыңызға ұсынып отыр. Кітап барша өлеңсүйер қауымға арналады. |
Стиг Ларссон
Айдаhар таңбалы қыз Отыз алты жыл бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қыздың тағдыры, сүйегі қайда қалғаны, шағын аралдағы оқиға туралы баяндалған.
|
Сергей Бородин Роман кейіпкері Ақсақ Темір адамзат тарихындағы ең қатыгез жаулап алушылардың бірі, оны Әлем билеушісі деп атаған. Оның ғұмыры Орта Азия ғана емес, басқа да көптеген елдер тарихында өзі зін қалдырды.
|
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Дулатова Гүлнар Міржақыпқызы Кітап авторы Г. Дулатова - қазақтың арыс ұлдарының бірі - Міржақып Дулатовтың жалғыз қызы. Туынды Алаш арыстарының көсемі - Әлихан Бөкейхановтан бастап, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев және т.б. қазақтың зиялы қауымының өнегелі өмірлері мен істеген қызметтері, кейінгі қилы - қилы тағдырлары жү елі түрде жатық тіл мен баяндалған. |
Ержан Жаубай
Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері Көшпенділердің дала философиясын тамыршыдай тап басып көрсетер қысқа да, нұсқа мақалдарды оқи отырып жылқы жануарына қатысты ерекше үш жағдайды түсінуге болады.
|
Илья Жақанов МУЗЫКА -- ӘН -- ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ -- САЗ – ӘУЕН
|
Оралғазы Қажаев Қазақ халқының ежелгі түркі дәуірінен, орыс империясының, кейін Кеңестік отаршылдық саясатының, шығыстағы Қатон қарағай өлкесінде, жалпы Алтайдағы қазақ нәубетін нақты дәлелдерге сүйенген еңбек.
|
Әлібек Қаңтарбаев Махаббат, Тұрақтылық, Қызғаныш, Ғашықтық, Кісілік, Кішілік, Адамгершілік сияқты сынды ұлы ұғымдарды кие тұтуға, қадірінбілуге, аталмыш сезімедердің көшбесшысы Сағыныш екендігін көркем әдеби тіл мен жеткізген туынды.
|
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Айткожин, К. Б. Ұлт болашағын өз тағдырынан биік қойған, қазақ халқының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары жеткілікті. Тарихшы зерттеуші-ұстаздың кітабы бабаларымыздың ерлігін үлгіетіп, құрметтеу мақсатында өскелең ұрпаққа тарихымызды зерделей түсуге керек құрал. |
Бақыт Кеңшілік
Бақыт пен уақыт Альбомда белгілі қолөнер шебері Бақыт Кеңшіліктің туындылары туралы мағұлматтар берілген.
|
Қайрат Жолдыбайұлы Бұл кітап жеке өміріне оң өзгеріс енгізгісі келетін әрбір жасампаз жанға арналады.
|
Мұхтархан Оразбай Автор құрастырған бұл еңбек қазақ тарихының саяси жақтан өте ертеден басталатын рулық, тайпалық, мемлекеттік жүйесінің қалыптасу тарихын, экономикалы қжақтан аса ерекше тарихи тіршілік тынысын толық қамтыған еңбек.
|
Қаржаубай Сартқожаұлы Еуразия субконтинент алыпаймағында "Мәңгілік Ел" орнатуды мұрат етіп, үш ғасыр бойы билік жүргізген байырғы түріктердің қайталанбас тарихи-мәдени және рухани құндылық тары "Орхон ескерткіштер Атласында" қамтылды.
|
Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі