phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңадан түскен кітаптар

    Қараша 2022

    Жаңадан түскен кітаптар

    Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық

    Еңбекте Қазақстанда болған ашаршылық жылдарының зобалаңы тарихи деректер негізінде баяндалған. Архив қорларынан табылған тың құжат материалдарымен қатар Әулие-Ата өңіріндегі нәубетті жылдардың куәгерлерінің естелік-әңгімелері енген.

    Жаңадан түскен кітаптар
    Ахмет Тоқтабай
    Қазақтың киелі жерлері
     
    Кітапқа зерттеушінің киелі жерлер, сәулет өнері, тарих, этнография саласындағы жазылған ғылыми мақалалары, ел арасынан жинаған жазба және ауызша деректері берілген.

     

    Жаңадан түскен кітаптар

    Чилдибаев Д.
    Биология : балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық

    Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық. Кітап биологиялық әліппеден бастап биология ғылымының барлық салаларынан бес мыңнан астам сөзді қамтиды.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Ербол Шаймерденұлы
    Елтаным

    Кітапта ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы жан- жақты баяндалған. Елдігімізге қатысты кең мағлұмат беретін терең интеллектуалдық еңбек.



      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


     

    Қазан 2022

    Жаңадан түскен кітаптар

    Ашаршылық.  Голод.
    І-V том 1928-1929.

    Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған бес томдық екі тілдегі жинақ. 1928-1934-ші жылдардағы зобалаңға қатысты еш жерде жарияланбаған және бұрын-соңды айтылмаған деректер енгізілген. Соңғы бесінші томында куәгерлердің естеліктер, ашаршылық туралы жазылған кітап-жинақтар материалдары, көркем әдебиет үзінділері берілген. Тіпті, кейбір анықтама мен бұйрықтар осыған дейін құпия мәлімет ретінде сақталып келген.                 

     

    Жаңадан түскен кітаптар

    Мұхит-Ардагер Сыдықназаров
    Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті = Непрерывная государственность Казахстана в потоке истории. Казахское Государство на европейских и американских картах XVI-XIX веков. = Uninterrupted History of Nationhood in Kazakhstan. The Kazakh State on European and American Maps of the XVI-XIX Centuries.

    Үш тілде Қазақ мемлекеті көрсетілген, айқындалған еуропалық және америкалық ғалымдардың, картограф, географ, саяхатшы мен дипломаттардың 16-19 ғасырлардағы 130 картасы ұсынылған.

     

    Жаңадан түскен кітаптар

    Ілияс Есенберлин
    Мұхиттан өткен қайық

    Екі тілде жарық көрген романдар - мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған. Көркем роман - өткен ғасырдың 60-80-ші жылдардағы қазақ зиялыларының санасын толғандаратын мәселелерді шынайы бейнелеген.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


     

    Маусым-Шілде 2022

    Жаңадан түскен кітаптар

    Ақажанова А. Т.
    Әлдиден эпосқа дейін

    Кітап этнопедагогика негізінде құрастырылған. Рухани мұралар жинақталған. Ата-аналар отбасында балаларына оқып беріп, олардың дүниетанымын қалыптастырады.                                                                                 

    Жаңадан түскен кітаптар

    Ақажанова А. Т.
    Девиантология

    Мінез-құлық психологиясының болмысы, негізгі теориялық-әдістемелік қағидалар, түрлері, жасөспірімдердің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері, биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара байланыстары туралы оқу құралы.

    Жаңадан түскен кітаптар

    Логотерапия немесе өмірге құштарлық

    Өмірден мән іздеп, тіршіліктің түпкі себептеріне үңілген оқырманға арналған. Логотерапия принциптері қазақтың дәстүрлі дүниетанымымен салыстырылып жазылған.

    Жаңадан түскен кітаптар

    Турсумбаева Н. Ж.
    Психология және адам дамуы

     

    Оқытушының жұмысын неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған қажетті оқу-әдістемелік материалдары берілген.             

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

     


     

    Мамыр 2022

    Жаңадан түскен кітаптар

    Елеукенов Ш.
    Көп томдық шығармалар жинағы

     

    Көптомдық шығармалар жинағының тоғызыншы томына жазушылар туралы очерк, сыни зерттеулер енген.

    Жаңадан түскен кітаптар

    Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін

     

    Қазақ тіліндегі баяндама тақырыптарының филология мен заңтану мәселелерін сипаттайды.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

     


     

    Сәуір 2022

    Жаңадан түскен кітаптар

    Қасымов А. Қ.
    Журналистік шеберлік

    Белгілі журналист, қаламгер А. Қасымовтың дәрістер жинағы журналистік шеберліктің негіздерін үйрету, түсінікті қалыптастыру, қазіргі заманғы журналистерге қойылатын талаптарды белгілеген.

    Жаңадан түскен кітаптар

    Дэвид Рэндалл
    Әмбебап журналист

     

    Қазақ тілінде ықшамдалып аударылған британдық қаламгер  Дэвид Рэндаллдың әріптестеріне арналған кітабы.                                   

    Жаңадан түскен кітаптар

    Нурланова А. Н.
    Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмаларындағы көркемдік шындық және тарихи шешім

    Монографиядағы тұжырымдар мен жинақталған деректерді Шәкәрімтану жөніндегі еңбектерде сабаққа қолдануға арналған.

    Жаңадан түскен кітаптар

    Роза Әлқожа
    Кері ағыс

     

    Елімізді әнімен сүйсіндіріп, тамсандырып жүрген Роза әншінің кітабына өлеңдері енген. Танымал әндерінің ең таңдаулы мәтіндерін де осы басылымда қамтылған.

    Жаңадан түскен кітаптар

    Ширек ғасыр шежіресі  = История в четверть века = A Quarter-Centurys history

    Кітап-альбомға Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану инстиутының құрылу тарихы, қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдар, ардагерлер мен қызметкерлер туралы материалдар топтасқан.

     

     Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

     


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp