phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңадан түскен кітаптар

Қыркүйек 2024

Жаңадан түскен кітаптар

Генри Киссинджер
Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі

Жасанды интеллект адамның әлемді танып-білудегі рөлін өзгертудегі орны туралы баяндайды.

Жаңадан түскен кітаптар

Джордан Беверли Питерсон
Өмірдің 12 ережесі. Хаосқа қарсы дауа

Өз тағдырын шеше білетін адам болшақта дұрыс таңдау жасап, өз мүмкіндіктерін ашуға, он екі ереже қағидаларына сыйғызған. Ежелгі замандағы дәйектерді танымал әдебишығармалар мен байланыстырған.

Жаңадан түскен кітаптар

Саймон Синек, .
Неге деген сұрақтан

Неге сұрақтың астарындағы нақтылы жауапты қалай орындау керектігін, сұрақтың аясында адамгершілік пен адалдық, сенім мен сүйіспеншілік жатқанын түсіндіреді.

Жаңадан түскен кітаптар

Сейдахмет Құттықадам
Ұлтқа қызметету

Дүниежүзі мойындаған үздік реформатор-мемлекет басшылары жайлы. Олардың өз халқына, еліне сіңірген қомақты еңбектері баяндалған.

Жаңадан түскен кітаптар

Ларри Кинг
Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері

Кітап іскерлік келіссөз кезінде ойды тиімді жеткізуге үйретеді.

Жаңадан түскен кітаптар

Самюэль Хантингтон
Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіпті қайта құру

Геосаяси трактаттарының бірі болып есептелетін автордың еңбегі заманымыздың саяси шындығын жаңаша сипаттаған

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Қазан 2024

Жаңадан түскен кітаптар

Некрасов, А.
Ана махаббаты

Кітапта ана махаббатының балаға, отбасына, қоғамға тигізетін ықпалы туралы баяндалған.

Жаңадан түскен кітаптар

Джо Диспенза
Сергек сана :ойыңды өзгертсең, өмірің өзгереді

Бұл кітап сізге эмоциядан адал болуға, деніңізсау, бағыңыз ашылуға көмектеседі.

Жаңадан түскен кітаптар

Болашақ :оқуға тиіс 10 кітап.

ПСИХОЛОГИЯ -- ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ -- БОЛАШАҚ -- ТЕХНОЛОГИЯ -- ҚАУІПТІ РОБОТ -- ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС

Жаңадан түскен кітаптар

Алғашқы медициналық көмек :оқу құралы

Бұл оқу құралында әскери, арнаулы оқу орындарында бастапқы кәсіби даярлық қурасанттарына арналған. Адам өмірінде болатын түрлі жағдайларда, зардап шеккенде алғаш қымедициналық, жедел және шұғыл көмек анықтамалары көрсетілген.

Жаңадан түскен кітаптар

Беркимбаев, Е. М.
Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері

Мұғалімдердің цифрлық құзіреттігін қалыптастырудың мәні мен мазмұнына байланысты іргелі мәселенені шешуге бағытталған.

Жаңадан түскен кітаптар

Таир Нұғман
Сату өнері :сенім - ұлы күш

БАСҚАРУ -- МЕНЕДЖМЕНТ -- МАРКЕТИНГ -- САТУ -- БИЗНЕС -- КӘСІП -- САТЫЛЫМ

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Шілде 2024

Жаңадан түскен кітаптар

Жәди Шәкенұлы
Алтай алыптары
:деректіхикаялар

Бұл кітапта Алтайдың ар жағындағы ағайындар арасынан шыққан көрнекті қазақ балуандарының қысқаша өмірінен мәліметтер берген.

Жаңадан түскен кітаптар

Жәди Шәкенұлы
Шыңғысханның қарызы
:зерттеулер

Автордың бұл зерттеу еңбегінде түркі тұтастығы, қазақ ұлтының қалыптасу кезеңдері және тайпалар тарихынан сыр шертеді.

Жаңадан түскен кітаптар

Қазим Мұстахимұлы
Балаңызды гаджеттен қорғаңыз!

Электронды құрылғының жасөспірім мен балаларға келтіртін зияндары мен қауіп-қатерлерге таладау жасалған.

Жаңадан түскен кітаптар

Ыбырай Алтынсарин
Қазақ хрестоматиясы

Ұлыағартушы Ыбырай Алтынсариннің бұл кітабында қазақтардың салт-дәстүрлеріне, әлеуметтік өміріне назараударған. Ағартушытуралы, жазғанхаттары мен ұсыныстары жарияланған. Сонымен қатар зерттеулер мен естеліктер орыналған.

Жаңадан түскен кітаптар

Генри Киссинджер
Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі

Жасанды интеллект адамның әлемді танып-білудегі рөлін өзгертудегі орны туралы баяндайды.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Маусым 2024

Жаңадан түскен кітаптар

Дәурен  Қабдолданов
Ақкөңіл

Жерлес ақын Қабдолданов Дәуреннің әр алуан тақырыптағы өлең-жырлары, әзілдері, арнау сөздері, әндері мен айтыстары жарияланған.

Жаңадан түскен кітаптар

Оразалы Сәбден
Өркениеттің жаңа дәуірі

Бұл еңбекте жаһандану заманында қалай қоғамды ізгілендіреміз, ғылым мен дінді интеграциялау мәселесі, жаңа дәуірдің моралі, сана ғасырындағы әлеуметтік инновация, жасанды интеллект, нейротехнология, тағы басқа қоғамды ізгілендірудің жолдары беріледі.

Жаңадан түскен кітаптар

Нұртөре Жүсіп
Жарық сәуле

Кітапта жазушының бірнеше әңгімесі, балаларға арналған екі ертегісі және орыс тілінен аударған бір әңгіме, сондай-ақ сатиралық шағын дүниелері жинақталған.

Жаңадан түскен кітаптар

Қалибек Алтыбаев
Шарлаған жолым жатыр - Зайсанымда

Қазақстан жазушылар, журналистер Одақтарының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Қалибек Алтыбаевтың кітабы бірнеше тараулардан тұрады. Мақалалар, деректер, толғаныстар, ұсыныс-талдаулар, арнаулар ұсынылған.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Мамыр 2024

Жаңадан түскен кітаптар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20-50 жылдары.

Жинаққа Түркістан өңіріндегі саяси қуғын-сүргін қысымымен туған жерінен мәжбүрлі түрде Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанға ауа көшкен тұрғындардың ащы тағдырына қатысты отандық және шетелдік архив қорларынан табылған құжаттар топтастырылды.

Жаңадан түскен кітаптар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20-50 жылдары.

Бұл жинақта ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Сыр өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты құжаттар берілген. Осы жылдардағы құпия қорлар құжаттары, жер аудару саясаты, тарихи тұлғалар, халық өкілдері туралытың деректер берілген.

Жаңадан түскен кітаптар

Абай мұрасы

Абайдытану - қазақ ұлтының рухани өміріндегі толастамайтын мәдени саясаттың мүдделі және күре тамырлы тақырыбы. 175 жылдық мерейтойға жоспарланған Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинақталған.

Жаңадан түскен кітаптар

Темірхан Қайырханұлы
Ақжұлын Боқы батыр

Автор кітапты қазақтың өзгеше жаралғантағы бір тарихи тұлғасын-егей ер Боқы жөнінде айтылған, жазылған деректерді, тыңнан табылған қолжазба мұраларды саралайотырып жазған.

Жаңадан түскен кітаптар

Әлібек Асқаров
Саха-Якутия. Аққар, көк мұз әлеміне саяхат

Автордың бұл кітабы баспагер қауым мен Якутия еліне барып қайтқан әсері негізінде жазылған.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


Сәур 2024

Жаңадан түскен кітаптар

Саидмурод Давлатов
Қарыз қарша ериді

Кітап берешек пен қиындықты миллиондарға айналдыруға көмектесетін білімге толы.

Жаңадан түскен кітаптар

Абзал Құспан
Алаш заңгерлері

Бұл кітап ХХ ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері туралы, мұнда олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлесі баяндалады.

Жаңадан түскен кітаптар

Наполеон Хилл
Байлыққа бастар жол ойдан басталады

Бұл кітап автордың 1937 жылы жарық көрген "Ойлан да байы" атты түпнұсқа еңбегінің синопсисі, мұнда байлыққа жетелер принциптер, нұсқаулықтар мен мысалдардың ең қажеттісі ғана қамтылған, ақшаға қатысты 6 негізгі қорқыныш пен оны жеңу жолдары ұсынылады.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


Қараша 2023

Жаңадан түскен кітаптар

Сейілбек Мырзабай
Балалықтан даналыққа

Бұл кітап логотерапия және экзистенция анализі негізінде талданған. Элизабет Лукастың тәжірибелері молынан енгізіліп, оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері, автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұқбаттары берілген.

Жаңадан түскен кітаптар
"Бірлік туы" газеті.
1917-1918 жылдар

Жинаққа ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының төл энциклопедиясы іспетті "Бірлік туы" газетінің 1917-1918 жылдарғы топтамасы түгелдей араб әліпбиінен қазіргі жазу үлгісіне көшіріліп, толық күйінде шығарылып отыр.
Жаңадан түскен кітаптар

Глубокое ауданы жер-су атауларының сөздігі

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жер-су атауларының лексикология саласы бойынша ономастикалық, топономикалық жүйесін зерттеген еңбек.
Жаңадан түскен кітаптар

Луиза Хей
Әйел даналығы : бақытты өмір сүру нұсқаулығы

Бұл кітапта өмір, өзін-өзі бағалау мен махаббат, ата-анамен және балалармен қарым-қатынас, байлық пен мансап жайында айтылады.
Жаңадан түскен кітаптар

Гүлжаhан Орда
Зейнолла Сәнік шығармаларындағы көркемдік ізденістер

Зейнолла Сәнік шығармаларындағы мазмұн мен түр жаңалығы тарихи шындық пен көркемдік ізденістер, дәстүр сабақтастығы мен жаңашылдық мәселелері ғылыми сараланған.
Жаңадан түскен кітаптар

Джозеф Мөрфи
Түпсананың күші

Бұл кітаптағы әдістер таңғаларлық қарапайым болса да, адам сенгісіз керемет нәтижеге мұрындық бола алады, оларды қолдана отырып, кез-келген мәселенің дұрыс шешімін тауып, "емі жоқ" аурулар мен жаман әдеттерден арылтады.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


Желтоқсан 2023

Жаңадан түскен кітаптар

Мұқашев. Т. Ә.
Бауыржантану :оқу құралы

Жаратылысынан түрлі қасиеті ұлттық рухания тымызға ерекше ықпалеткен, ХХ ғасырдың ең дарынды тұлғаларының бірі - Бауыржан Момышұлы туралы. 100 жылдық мерей тойы қарсаңында шыққан кітаптардың бірі.

Жаңадан түскен кітаптар
"Қазақ" газеті. 1917 жыл

«Қазақ» газеті өзінің шығып тұрған уақытында қоғамдық ой-сананың көтерілуі үшін оқу-ағарту, өнер-білім, спорт-мәдениет т.б. тақырыбында жариялап, үлгі етумен болды. 1917 жылғы 212-257 сандары араб әліпбиінен қазіргі жазу үлгісіне көшірілген. Газет 1913 - 1918 жылдары үзілмей жарық көріп тұрды.
Жаңадан түскен кітаптар

Өзбекәлі және мәдени майдан

Мемлекет құрудағы ұлттық идеологияны жоғары қоюдағы қоғам және мәдениет қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің қызметіне, болмысына экзистенциялық талдау жасалған.
Жаңадан түскен кітаптар

Айтқожин. Қ. Б.
Тарбағатай-Барқытбел тарихыңды тани жүр

Тарбағатай өңірінің тарихы, тарихи тұлғалары, ел тарихы, жер тарихы, сонымен қатар археологиялық-географиялық ерекшелігі туралы сыр шертеді. Топонимикасына арналған мақалалар, өлең-жырлар топтастырылған..

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp