Кітапханада «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубының аясында әуесқой ақын, әнші, асаба Медет Есімжанға арналған «Өлең-жырдың жүйрігі...» атты шығармашылық кеш өтті.
Кітапханада «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубының аясында әуесқой ақын, әнші, асаба Медет Есімжанға арналған «Өлең-жырдың жүйрігі...» атты шығармашылық кеш өтті.
26 қараша күні кітапханадаталантты жазушы, «Звено Алтая» өңірлік әдеби бірлестігінің құрылтайшыларының бірі, суретші, Шығыс Қазақстан өнер музейінің маманы, «Үш жол» шығармашылық клубының жетекшісі Лариса Ивановна Мартыновамен шығармашылық кездесу өтті.
25 қараша күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі қаламгер, публицист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Қаңтарбаевпен рухани кездесу өтті.
20 қарашада кітапханада «Әдебиет және креативті индустрия: креативті индустрия аясында әдебиеттің дамуы мәселесі» атты дөңгелек үстел өтті.
18 қараша күні кітапханада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясының аясында «Әйел теңдігі – әлем теңдігі» атты мотивациялық тренинг өтті.
Кітапханада қазақтың маңдайына біткен біртуар сазгер, ұлт руханиятының шамшырағы, Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Өз елім!» атты әдеби-концерттік кеш өтті.
31 қазан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұлы композитор, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік әнұранының музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Шарықта, Шәмші әндері!» атты ән байқауы өтті.
Шараға кітапхана жанынан құрылған «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубының мүшелері қатысты. Бұл клубтың құрылғанына үш жылдай уақыт өтті, жүзден астам қатысушысы бар. Байқауға бес жұп қатысып, ән әлемінің әсемдігін көрерменге тамаша жеткізді. Әр түрлі сала өкілдері болса да, барлығының өнерге деген ықыласы мен сүйіспеншілігі ерекше сезілді. Сахнада олар өз таланттары мен орындаушылық шеберліктері арқылы әннің сұлулығын, көңілдің нәзік иірімдерін көрермен жүрегіне жеткізе білді.
Байқаудың ресми бөлігінде клубқа жаңадан қосылған топ мүшелеріне топтың төсбелгісі табысталып, топтың жаңа әнұранының тұсаукесері жасалынды. Әнұранның сөзі жазған Үлкен Нарын ауданының тұрғыны ақын Толқын Уызбаева, әуенін жазған сазгер, ұстаз Талғат Әбішев. Әнді тамылжыта орындаған облысымызға танымал әнші Айдын Алдархан.
Байқауға қатысушы үміткерлер Шәмшінің әндерін айтып, өнерлерін ортаға салды. Шәмші сазымен шырайланған әуендер шеруі көрерменнің көңілінен шықты. Қазылар алқасының шешімімен үздік шыққан байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байланыс тел.: 261333
7 қараша күні кітапханада «Арго» Шығыс Қазақстан полиграфиялық компаниясы шығарған жергілікті авторлар кітаптарының таныстырылымы өтті.