Биылғы 2023 жылы "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдіковтың шығармаларын оқитын боламыз.
Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған. 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды.
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.
Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші "Көкжиек" жинағы 1969 жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы "Ақиқат" атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді. 1979 жылы "Айтылмаған ақиқат " әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде "Истина" әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы "Өлі ара", "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
«Парасат майданы» повесі Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Т. Әбдіков өз шығармаларында өмірді оның қайшылықтарымен, адами қатынастардың күрделілігімен жеткізуге тырысады. Оның шығармалары оқырмандардың назарын оқиғаларды жеткізудің шынайылығымен ғана емес, сонымен бірге баяндаудың эмоционалды құрамдас бөлігімен де тартады.
Құрметті оқырмандар, жазушының шығармаларын біздің кітапхананың оқу залынан таба аласыздар!
Байланыс тел. 26-13-33