phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Тарбағатай – Барқытбел, тұғыры биік – туған ел» кітабының тұсаукесері

«Тарбағатай – Барқытбел, тұғыры биік – туған ел» кітабының тұсаукесері

11 қыркүйек күні ақын Масалов Әрімбек Мәселұлының «Тарбағатай – Барқытбел, тұғыры биік – туған ел» атты кітабының тұсаукесері» өтті.

Әрімбек Мәселұлы  - өңір әдебиетіне өзіндік өрнек қосқан қаламгер, Тарбағатай ауданының рухани саласына өлшеусіз еңбек еткен жерлесіміз, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Михаил Шолохов медалінің иегері.

Туған топырағына адал еңбек етіп қана қоймай, поэзияға да уақыт арнаған Әрімбек аға жиырмадан астам кітаптың авторы. Оның «Толағай таудың тошаласы», «Тұғыр», «Тектілер», «Барқыт белдің баурайында» атты туындылары оқырманның жүрегін жаулап, ел ықыласына бөленді.

Шараға ақынның жерлестері, әріптестері, кітапхана оқырмандары және сонау шежірелі Семей қаласынан арнайы келген отбасы мүшелері қатысты.

Әрімбек ағаның жары, тұңғыш  әскери ұшқыш Малдыбаев  Жақыпбектің қарындасы, немере, шөбере  өсіріп отырған  аяулы ана, әже Клара Омар қызы сөз сөйлеп, кітаптың жазылу тарихына тоқталды. Ақынның әріптестері өздерінің естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін ортаға салды. Шарада ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының әкімшілік басқару персоналының ғылыми-хатшысы, ақын Аслан Қабылбекұлы Ғафуровтың, тарихшы-ұстаз, өлкетанушы Қуаныш Қабидолдиннің Астана қаласынан жолдаған бейнежолдауы, ақын аға туралы естеліктері тыңдармандарға үлкен әсер қалдырды.

Ауданның құрылғанына 90 жыл толса да Ақжар ауылының іргетасы қаланғанына ғасырдан асып кеткен екен. Бүгінгі Ақжар ауданының тарихына арналған кітап – халық жадында сақталған шежірелер мен тағылымды оқиғаларды  қамтиды. Бұл еңбек – өлкенің өткені мен бүгініне жасалған тағзым, ұрпаққа аманат.

 Kıtap tūsaukeserı 9  Kıtap tūsaukeserı 5  Kıtap tūsaukeserı 11  Kıtap tūsaukeserı 6  Kıtap tūsaukeserı 7  IMG 7526  Kıtap tūsaukeserı 8
 Kıtap tūsaukeserı 3  Kıtap tūsaukeserı 10  IMG 7546  IMG 7592  IMG 7536  Kıtap tūsaukeserı 1  IMG 7633

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp