phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» облыстық байқау

«Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» облыстық байқау

30 сәуір күні кітапханада ұстаз, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Рақымжанұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» атты облыстық байқау өтті.

Аталмыш байқаудың мақсаты: Төлеген Рақымжанұлының әдеби мұрасын насихаттау, жастардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің, жоғарғы оқу орындарының 14-25 жас аралығындағы отызға жуық адамнан тапсырыс түсті. Оның ішінде Семей қаласы, Катонқарағай ауданы сияқты шалғай жерлерден де үміткерлер қатысуға ниет білдірді.

Байқауға қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі - Қашқынбаев Талғат Саккоұлы, ақынның қызы, ұстаз - Рақымжанова Арай Төлегенқызы және кітапхана қызметкерлері қазылық жасады.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы төмендегідей болды:
1 – орын : №41 мектеп оқушысы - Манарбек Аружан;
2 – орын : №50 жалпы білім беретін мектеп оқушысы - Кәсіп Айым;
3 – орын: №44 мектеп – лицей оқушысы Дәулетбек Сұлтан және «Қ. Дамитов атындағы орта мектеп» оқушысы Раджанов Мансұр иеленді.

Сондай ақ, «Төлеген Рақымжанұылы атындағы» арнайы жүлдемен Оралбек Бекарыс, Ермекқызы Інжу, Сауыққызы Еркежан, Талапқызы Шырайлым, Серік Асылжан, Қалелова Ажар, Қабидолданов Рафат марапатталды.

 IMG 8837  IMG 8950  IMG 8899  IMG 8865  IMG 8923  IMG 8848  IMG 8909
 IMG 8908  IMG 8935  IMG 8912  IMG 8932  IMG 8935  IMG 8921  IMG 8918

 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp