13 қыркүйек күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын, Америка заңгерлер қауымдастығының заң үстемдігі бастамасы (ABA ROLI) жүзеге асыратын Құқық үстемдігі бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (АҚДМ) Азаматтық қоғам істері комитетімен ынтымақтастықта, Қазақстанда заң шығару процесінің құқықтық негіздері бойынша семинар өтті.
Семинарға азаматтық қоғам көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадия, оқу құралын әзірлеушілер, Каспий университетінің Жария құқық ҒЗИ директоры Роман Подопригора және кіші ғылыми қызметкері Закир Құдайбергенов қатысты.
Семинар нәтижесінде құқық қолдану практикасы, заң жобаларына сараптама жүргізу рәсімдері мәселелері талқыланды және сарапшылардың тәжірибесінен мысалдар қарастрылды.