phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

«Таңғажайып Талаптан» және   «...ғұмырын қишы жасынның»  атты прозалық жинақтың тұсаукесері

«Таңғажайып Талаптан» және «...ғұмырын қишы жасынның» атты прозалық жинақтың тұсаукесері

28 қазанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жерлес жазушы, драматург Талаптан Ахметжанның 60-жылдық мерейтойына арналып жазылған «Таңғажайып Талаптан» естеліктер жинағы және Талаптан Ахметжанның «...ғұмырын қишы жасынның» атты прозалық жинағының тұсаукесері өтті.

Талаптан Ахметжан 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында дүниеге келген. Теректібұлақ орта мектебі, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатында, кейін Өскемен құрылыс-жол институтында жоғары білім алады. Еңбек жолын құрылыс саласынан бастап, кейін Шығыс Қазақстан облыстық телерадио комитетінде редактор, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде бас маман, «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары, «Ан Арыс» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
Талаптан Ахметжанның «Тұма», «Сұлу мен суретші», «О дүниенің қонағы», «Ақиқат жолы» «Мұң» атты прозалық кітаптары және «Таңдамалы шығармалары» атты үш томдық туындысы жарық көрген. Халықаралық «Алаш» және Валентин Пикуль атындағы сыйлықтардың лауреаты Талаптан Ахметжан мамандығы инженер бола тұра, өзінің жазушылық талантымен оқырман қауымның көңілінен шығып, жүректерінен орын алған қаламгер.

talaptan 1 talaptan 2 talaptan 3 talaptan 4 talaptan 5 talaptan 6
talaptan 7 talaptan 8 talaptan 9 talaptan 10 talaptan 11 talaptan 12

 

Байланысшы: Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы,
тел.: 261-333, 87052819343


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp