phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

«Мен Қазақстан азаматымын және оны мақтан тұтамын!» TEDх форматындағы интеллектуалды стендап

«Мен Қазақстан азаматымын және оны мақтан тұтамын!» TEDх форматындағы интеллектуалды стендап

2022 жылғы 21 қазан күні сағат 16.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика Күніне орай «Мен Қазақстан азаматымын және оны мақтан тұтамын!» атты TEDх форматында интеллектуалды стендап өтті.

Стендапқа қатысушы спикерлер: Жүнісов Данияр Базаралыұлы – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясаты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басқарамасының басшысы; Еміл Әли Талғатұлы – «Oskemen debat» қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы, ТМД-ның 2022 жылғы үздік студенті, ҚР Жастар саясатына қосқан үлесі үшін «Алтын төсбелгі» иегері, Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының «Оқу орындар және жастар ұйымдарымен жұмыс» секторының маманы, «ӨС» Жастарды қолдау және дамыту» орталығының жетекшісі, 6 жылдық пікір-сайыс тәжірибесінде қала, облыс деңгейіндегі жеңімпаз; Бейсенғазықызы Айым – «Шабыт» студенттік театрының директоры; Сәрсенбаев Жігер – «Жалын» лидерлік дебат клубының негізін қалаушы, «Алаш ұрпақтары» интеллектуалды пікір-сайыс клубының аға буыны, қала, облыс деңгейіндегі чемпион, «Oskemen debat» қауымдастығының бас ұйымдастырушысы; Әзімхан Әкімжан – «Мұғалім» жобасының стипендия иегері «Ділмәр» дебат клубының аға буыны, «Жастар рухы» ұйымының экс төрағасы, VI-сьезд делегаты, Аманжолов университетінің - Парламент мүшесі; Айдана Нұрланқызы – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің қабырғасындағы өзінің TEDх форматындағы жоба бастамашысы; Тоқтарғалиев Айбек – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің белсенді студенті, SKY CINEMA жобасының негізін қалаушы, жас кәсіпкер; Нұралдинов Жандос Дидарұлы – Қайнар қоғамдық қорының жетекшісі.
TEDх форматында интеллектуалды стендапта спикерлер өз жетістіктері мен еңбектері жайлы сөз қозғап, жетістікке жетудің түрлі жолдарымен бөлісті. Әр спикер өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай ұтымды ойларын ортаға салды. Аталмыш стендапта аудиториямен тығыз жұмыс жасалынып, жастар бойына жігер құйылды деп білеміз. Қаламыздың белсенді жастарының қатысуымен өткен стендапта жас буын өкілдері де белсенділік танытты. Республика күніне арнау өлеңдерімен, сазды әндерімен кешімізді жандандырды. Аталмыш стендап соңында барлық спикерлер мен белсенді қонақтарымызға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

tedex1 1 tedex1 2 tedex1 3 tedex1 4 tedex1 6 tedex1 7

 

Байланысшы: Құдайбергенова Н. К.
Тел.: 87055412525


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp