phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАЛАЛАР КІТАБЫ ОРТАСЫНДА» ФОРУМЫ

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАЛАЛАР КІТАБЫ ОРТАСЫНДА» ФОРУМЫ

«КІТАПТАР СЫР ШЕРТЕДІ!»
VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАЛАЛАР КІТАБЫ ОРТАСЫНДА» ФОРУМЫ
«РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАН: ШЕКСІЗ ОҚУЛАР – 2022»

17 қазан күні кітапханада балалар мен жасөспірімдер арасында «РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАН: ШЕКСІЗ ОҚУЛАР – 2022» жобасы аясындағы шығармашылық кездесулер бастау алды.

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАЛАЛАР КІТАБЫ ОРТАСЫНДА» ФОРУМЫНЫҢ бағдарламасы Қазақстан мен Ресейдің жазушылары, иллюстраторлары, аудармашылары және жас оқырмандарымен офлайн және онлайн кездесулерді қамтиды. Биылғы жылғы кітап форумының қонақтары Санкт-Петербург қаласының заманауи авторлары – Станислав Востоков, балалар натуралист-жазушысы, үш мәрте «Заветная мечта» балалар әдеби сыйлығының және балалар мен жасөспірімдерге арналған «Книгуру» үздік туындысы үшін сыйлықтың иегері; Ольга Лаврентьева, суретші, «Сурвило», «ШУВ. Готический детектив в восьми главах, с прологом и эпилогом» комикстері және т. б. авторы. Әрине, кітапхананың көптен бергі досы Людмила Степанова, кітапханашы, Ленинград облыстық балалар кітапханасының Сектор меңгерушісі, «Балалар мен кітаптар. Шексіз оқулар» ЛОБК бағдарламасының үйлестірушісі.

Алғашқы күні «БІЗ КІТАППЕН! БИІКТЕМІЗ!» балалар кітаптарының үлкен көрмесі ашылып, «Менің графикалық романдарым не ашады?»: О. Лаврентьеваның жасөспірімдерге арналған комикс-шеберханасы форумы, «Менің кейіпкерлерім – әлемдік саяхатта»: С.Востоковтың ашық оқу және ойлау студиясы тәрізді форум қонақтарымен шығармашылық кездесулер өтті. 

18 қазанда «РЕСЕЙ - ҚАЗАҚСТАН: ШЕКСІЗ ОҚУЛАР – 2022» жобасы аясында Ленинград облыстық балалар кітапханасының балалар кітапханашысы Людмила Степанова «Балаларды кітап оқуға қалай үйрету керек» тақырыбында интерактивті шеберлік сабағын өткізді.

forum1 2 forum1 1 forum1 3 forum1 4 forum1 5 forum1 6
forum1 7 forum1 8 forum1 9 forum1 10 forum1 11 forum1 12

 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp