Жоба Облыс әкімдігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасының қолдауымен жүзеге асуда. Аталған жоба компьютер мен серіктік жабдықтармен қамтуда ауқымды үлес қосып отыр. Сондай-ақ, оны жүзеге асырушылар қатарында біздің кітапхана мен Облыс әкімдігі жанындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығы да бар.
Жоба аясында орталық аудандық кітапханалар мен жекелеген тірек ауылдарында 32 онлайн-орталық құрылады. Әрбір жобаға қатысушы кітапхана ноутбуктар, Интернет, экраны бар проектор, көп функциялы құрылғымен (принтер/сканер/копир) қамтылады. Ауыл кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті тұрғындарға компьютер мен Интернетті үйрету жөнінде тренингтер ұйымдастырылады. БҰҰДБ оқытқан соң, ауыл кәсіпкерлеріне үнемі ақпараттық және кеңестік қолдау көрсететін бизнес-кеңесшілер тобы құрылады. Жергілікті аудандық және ауылдық әкімдер онлайн-орталықтардағы Интернетті қаржыландырып, жоба жетістігі жолындағы іс-шараларға барынша қолдау көрсетулері тиіс.
|
Зорлық-зомбылықсыз әлем
04 Желт