1969-жылдың күзі болса керек, ««Қаһар» романы жаңа ғана жариялаған.
«Қаһардың» табысы қанаттандырған Ілекең көп ұзамай-ақ арғы тарихқа еніп кетті. Обалы қане, өзінің кейінірек телетаспаға түскен белгілі сұхбатында «сол кезде «Қобыз сарыны» деген кітап шығарған, тарихты терең білетін» біздің «Қаһар» романын жазу үстінде көптеген пайдалы кеңестер бергенімізді қадап айтады. Ол заманда іші тар ғана емес, кісілігі де кем кейбір әріптестер Есенберлин бұл романды өзі жазған жоқ, Мағауинғе жаздырып алды деген де әңгіме таратып еді. Кейінгі романдардың да жазушылары табылған... Талап пен білік жұғысады, ой мен ақыл ауысады, бірақ жазу жаманға жұғыспайды, жақсыға ауыспайды.
Ілекең жарықтық «Қаһарды» қалай дайындап, қалай жазып шыққаны, қалай бастырғаны-менің көз алдымда өткен, әдебиет тарихында қайталанбас, өзгеше оқиға, ол туралы басқа бір орайда арнайы сөз етерміз.Тар заманда қазақ рухын қайта тірілткен осы тамаша кітап жа- зылар тұста ой бөліскен кеңесші, бірталай архив деректерін тауып берген жанашыр, ақыр соңында, қолжазбаны тәптіштеп қараған ағайын редактор ғана болғанымды айту-парыз; ең бастысы-қолжазба қаншама талқы, тексеріс, сүзгіге түскен ашық және жабық майдан- дарда сауыт бұзар болдым. Ықыласы түзу аға үшін емес, аруағы басымда тұрған Кенекем үшін. Яғни, халық тарихы үшін күрес деп аталатын міндеттің бір көрінісі ғана.Ілекең өзінің баспаханада жаңа басылып, енді ғана түптеліп жатқан, әлі таралмаған «Қаһардың» әуелгі авторлық он данасының бірін мүбәрәк қол таңбасымен сыйлағаны бар: «Аяулы інім Мұхтар! Осы кітаптың жазылуына өзімдей еңбегің сіңіп еді, шыққанына енді өзімдей қуансын деп әдейі арнап тартып отырмын. I. Есенберлин. 15 июнь 1969 ж.» Автордың «өзіндей еңбек» - тепе-тендік емес, кеңесшілік, редакторлық және майдандас аламандық бағдарында болғанын тағы да қайталап айтамын.
1967 жылы болса керек, әдебиетші Хасен Әдібаевтың Ғабит Мүсірепов туралы сүрағына орай мен Ғабенді «өз мүмкіндігінің үддесінен шыға алмаған қаламгер» деп бағалаппын. Хасекең шошып кетті (ағамды шошытқан тағы бір байлам - ол кезде санатта жоқ Ілияс Есенберлинді үлкен жазушылар қатарында атағаным, қой мұныңды, айналайын, ұят болады,-деді), менің жауабымды басқалар қатарын- да не диссертациясына, не кітабына енгізбеді. Ол кезде арада отыз жыл өткен соң өзім туралы да дәл осылай айтармын деп ойлағам жоқ. Иә, анық ақиқатымен өз мүмкіндігімнің үддесінен шыға алмаған жазушымын. Өзімнен де кемістік бар, бірақ кінәнің салмағы - заманда деймін. Абай атамның өзіне ерік қоймаған отарлық жүйе бізді біржола қақпақыл атты. Сандалмамен жүріп, барымызды бере алмадық. Жалғыз мен емес. Құлдық қыспағымен өткен XX ғасырдағы алаш азаматтарының бәрі.Ол кезде атағы да, айбыны да жоқ, өнімді ештеңе бітірмей елуден асқан, жазған жалғыз романының өзі қаншама тәлкекке ұшыраған, елеусіз бір адам-кейін данқты Ілияс Есенберлин, Қазақстан көсемі Дінмұхаммед Қонаевтың өзінің алқауымен «Жазушы» баспасына директор болмақ екен. Ресми қағаздардың кезегін ғана күтіп отырса керек. Кейіннен белгілі болды, бір қайраты ішінде бұлықсып жатқан Ілекең жазу тарапында ғана емес, жұмыс орайында да үлкен жоспар жасап отыр екен, сол ойды іске асыру үшін жүрегі шайлықпаған жас жігіттер керек. Ілекеңнің жан аяспас досы Қапан аға Сатыбалдин мені ұсынады, сыртымнан қатты мақтаса керек. Ілекең екінші бір түсіністі, тілектес інісі, «Қазақ әдебиетінің» бас редакторы Нығмет Ғабдуллиннен сұрайды. Бұдан артық ешкімді таппайсыз дейді. Алдымен Қапекең келіп байқастады, солай да солай осы бірер ай шамасында Ілияс Есенберлин «Жазушы» баспасына директор болып тағайындалады, қазір бас редактордың орынбасарының орны бос тұрған көрінеді, жалғыз әдебиет баспасындағы үшінші дәрежелі қызмет, Ілекеңнің өзінің көңіліндегідей кісі табылса, шын мәнісіндегі екінші орындағы бастық, егер сені шақыра қалса, тартынба, әзірше академия, университет дегенді қайтесің, кейін де үлгересің, саған соны айту үшін арнап келіп отырмын деді. Бұдан соң Нығымет ағам мән жайды айғақтады. Сонымен, тілегенім де осы, тасқа басылған сөзден құдыретті ештеңе жоқ деп білем, әзір болдым. Ілияс аға «Жазушы» баспасына май мерекесіне екі күн қалғанда келді. Мерекеден соңғы алғашқы жұмыс күні мен де баспаға ауыстым. Алдын ала айтылған- дай, бас редактордың орынбасары. Ол кезде өте үлкен қызмет. Үлкен болатыны, «Жазушы» - республикадағы орталық және жалғыз әде- би баспа.
Бірақ Ілекеңмен бірден ұғысқан, мұраттас, тілектес жақындығым бар, оның үстіне өзім де екпінді болсам керек, биліктің үлкені менің қолыма көшті. Жаңа директор берғі жақтан түгел өтіп, ОК-ке тіреліп тұрған жоспарды қайтарып алып, алғашқы күні-ақ менің қолыма ұстатты.«Қанша?» - деді Ілекең. Он баспа табақ. «Жаз. Он деп жаз!» «Қобыз сарыны» - он баспа табақ деп жаздық. Жалғыз мен ғана емес, жолы тұйық тұрған талай жас қаламгердің алды ашылды. Осы жылы да, бұдан кейінгі жылдарда да. Тағы қаншама игілікті іс атқарылды. Сірә, Ілекең - алаштың асыл азаматы Ілияс Есенберлин туралы ғана емес, өзімнің бұрынғы-соңғы баспагерлік қызметім турасында, әдеби орта, өткен қоғамдағы кешу күндер төңірегінде арнайы сөйлеу керек шығар.Директор жаңа болған соң, жоспарда жаңа болады ғой -деді Ілекең кірпік қақпастан.
Мүмкін білем, Ілекеңнің білері одан да көп, нақты көрініп тұрған қатер бар ма дегенім. «Имашев орнында отырғанда маған тыныштык жоқ, мына ағайындарың аман тұрғанда, саған да тыныштық жоқ - деді Ілекең - басқаны былай қойғанда, Хамзаны сынағаныңды олар саған ешқашанда кешірмейді». Хамза Есенжановтың, «Ақ Жайық» деген роман-трилогиясын сынағаным, сьнаған емес, мінегенім, жіліктеп шағып бергенім рас. Бұл - әдебиет әлемінде болып тұратын, теріс дегеннің өзінде заңды құбылыс, бірақ кейбір ағайындар мен туралы әртүрлі дақпырт шығарып, ойбай, пәленатаның баласын ұнатпайды екен, соларға түгел қарсы екен деген лақап таратып жіберген. Ба- сында күлген едім, артынан таңырқай бастадым. Ренжиін десең, қисыны жоқ. Ілекеңнің айтып түрғаны осы. «Менің монографиямдағы негізгі тұлғалар - Батыс өңірден шыққан жыраулар. Мен жаңа, қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет - Еділ-Жайық бойында туғанын және сол тарапта қалыптасқанын айттым. Шыны сол. Алтын Орданың мәдени, рухани, экономикалық орталығына жақын аймақ болғандықтан, тіпті, сол орталықтың өзінде тұрғандықтан. Мен әйгілеген Шалкиіз де, Доспамбет те, Қазтуған да, тіпті, арқаға келіп өлген Асан Қайғының өзі осы Батыс өлкеде туып-өсті. Сонда, әлгі ағайындарыңыз мұны көрмей ме? «Оларда сен ойлағандай ұлттық сана жоқ. Рулық сана ғана бар»,-деді Ілекең. «Рулық сана да жоқ,- дедім мен.- Жіктік топтық сана ғана бар. Тым құрса, рулық сана болса, ең алдымен осы Қажым, Әбдіжәміл, Тақауи ағаларым бастап барып, Имашевқа мені үлттық батыр деп жариялау туралы ұсыныс түсірер еді ғой...» Ілекең күлді. «Мүмкін түсірмесе де түсінер...» «Осы уақытқа дейін түсінбегенде... Кісіге қарап көргем жоқ...» Ілекең ақсиып, үнсіз күлді. «Асықпа,- деді сосын. Бұл - кітап туралы.- Сәті келер. Дайындай бер».
Ілекең тағы да тартынып еді. Мына «Қаһардың» шаруасын бітіріп алайық деген. «Қаһар» үшін күрес қызу әрі қатал болғанымен, тым ұзаққа созылған жоқ. Ілекең жаңа - 1969 жылдың қарсаңында, 30 декабрь күні бастады, сексен екі күн дегенде, 20 март күні тәмәмда- ды, бұдан соң талдау, талқылау, тартыс - небәрі үш айда бітті де, өте шұғыл, айналасы елу күн дегенде баспадан шықты. Мен барлық уақытта да Ілекеңмен үзеңгілес - әуелде кеңесші, содан соң сарап- шы, соңғы, жазудан кейінгі уақытта тас уатар гүрзі қызметін атқарсам керек, жан аямасам керек. Бұл - өткен тарихты қайта оралту, ата-баба аруағын шақырып, ежелгі рухты тірілту, сонымен қатар, әдебиеттің болашағы, жаңа тұрғыдағы тарихи романға жол ашу ғана емес, ұлтты оятып, өзгеше серпіліске бастайтын, жаңа ұрпақтың ой- өрісін негіздеу, ұлттық мұратты айғақтау, қайыра көтеру жолындағы күрестің бір тармағы болатын. Өткен жылы «Қобыз сарыны» шықты-рухани шежіре. Енді «Қаһар»- ерлік шежіре. Дүние төңкеріліп, Алаштың аруағы қайта көтерілді. Тұрыс қисынсыз, ежелгі антологияны жарыққа бастау керек еді.Бұл сарбаздар Ілияс Есенберлинді құлатып, орнын басқа бір ағайынға алып берсін, менің мойныма бес машинаның құнын артып, қаңғыртып жіберсін, пендешілік дейік, қорқаулық дейік, қастандықтың кісі атуға ұласқан жағдайлары да ұшырасқан ғой.
Табанды күрес, аяусыз айқастың алғашқы кезеңінде Ілияс аға Есенберлин және мен Мұхтар Мағауин - екеуіміздің қанымыз судай ақты дер едім. Бірақ біржола қансырамаппыз. Қирап жығылмаппыз. Күш жиып, қарсы шабуылға көштік. Нәтижесінде, арада жыл өтпей, «Алдаспан» қайыра басылып шықты. Әлбетте әуелгі нұсқаның көлеңкесі. Қысқарған, күзелген.Енді, сол кезде ОК-ке жаңа ғана келген, кейін «Тұйық өмірдің құпиясы» атты (Алматы, 1992), заманалық деректерге толы, әдемі де ащы, шынайы әрі толғамды кітап жазған Бекежан Тілегеновтың естеліктеріне үңілейік, «Алдаспан» оқиғасына тікелей қатысты деректермен ғана шектелеміз. «Тұйық өмірдің құпиясы» былай дейді:«Жалпы идеологияны басқаратын мемлекеттердің бәріне ортақ бір қасиет- қырағылық, сезіктенушілік болатын. Осы қасиеттерден біздер де құр алақан емес едік... Тіпті осындай қауіпті «қастандықтарды» андып-бағып отырған цензорлар мен литоның өзімен жарысып, асып түсетін кезіміз болатын.
Совет өкіметіне, занды үкіметке қарсы ашық, астыртын пікір айтылмаса да көңіліміз толмаған, идеологиялық догманы талабына шақ келмеген, үйреншікті ұрандарға жауап бере алмаған шығарма- ларды дереу «тұтқынға алып», «абақтыға» қамайтын правомыз бол- ды. Сол правоны мейлінше толық пайдаландық-ау деймін. Қанша кітаптарға қиянат жасадық, қанша жазушылардың сорын қайнатып, жігерін құм еттік.Партократияның қатаң тәртіп орнату жолындағы шабуылы, идеология саласында жаңа міндет жүктеу әрекеті ең алдымен әдебиет пен өнерде қалыптасқан дәстүрді, ғасырлар бойы жиналған асыл қазына - халық мұрасын талқандаудан басталатын. Партиялык жетекшілеріміз, идеологиялық басшыларымыз, өз халқының дәстүрін, әдебиет пен өнердің көне үлгілерін талқандауда үлкен еңбек сіңірді. Әрине, біз қазір ескі қазынамыз халқымызға қайта оралды деп қуанып жатырмыз, бірақ сол қазынаға қанша қастандық жасалып, қаншасы жойылып кетті деп сұрап жатқан ешкім жоқ. Мәдениетті қасірет шегіп, қаншама жарқыраған асыл қырлары мұқалып, құрып кеткенін ескермейміз.
Осындай күйге ұшыраған кітаптардың бірі - «Алдаспан»жинағы еді. Осы кезде әдебиетіміздің тынысын кеңейтіп, шеңберін ұлғайтып, жасын ұзартқан жаңа еңбектерімен, жаңа көзқарасымен әдебиетке батыл келген Мұхтар Мағауиннің бұл жинағы - әдебиетімізде елеулі құбылыс болды. Бірақ жұрт ризашылықпен жылы қабылдағанмен, біз алақайлап, бәрекелді деп шаттана қойғанымыз жоқ. Тағы бір астыр- тын бүлік шыққандай көрдік. Бөлім бастығы тағы да әдебиет секто- рының қызметкерлерін жинап алды. Менің бөлімге келген кезім бо- латын. Баспадан шығып жатқан кітаптардың әрқайсысынан екі дана міндетті түрде Орталық Комитетке жіберілетін заңды салт бар еді, сол дәстүрмен күн бүрын түскен екі кітап алдымен өздері оқып шықты ма, жоқ әлде бізге жиі келіп, ақыл-кеңес беріп, жаңалықтарды жеткізіп тұратын жақсы таныстарымыз хабарлады ма, әйтеуір «Алдаспан» туралы шағын әңгімеміз жайсыз өтті. Жинақта идеялық, саяси қате көп екені, бұл кітапты мына түрінде шығаруғы болмайтыны айтылды.
«Алдаспанды» жазалайтын болдық. Идеологиялық екі бөлімнің атынан жинақтың зиянды, қауіпті түстары көрсетіліп, басшыларға анықтама қағаз жазылды». («Тұйық өмірдің құпиясы», 189, 192, 202 беттер).
Осы оқиғалардың бәріне тікелей куәгер болған Бекежан Тілегенов бұдан соң аталмыш қаралы үкімнің толық мәтінін келтіреді. Біз де сол қалпында берейік. Былай депті:
«Алдаспан» атты поэзиялық жинақта өткен кезеңнің мұраларына «Жазушы» баспасының (директоры I. Есенберлин жолдас) сын көзбен қарамауының салдарынан идеялық өрескел қателерге жол берілді.
Ілияс Есенберлин қатаң сөгіс алса да, орнында отыр, «Қаһар» аз болғандай, енді «Алмас қылыш» деген роман жазып бастырмақ.
Біз Ілекең екуіміз қайтадан қатар түзеп, қайтпай ұрысарға бекіндік. Бірінші «Алдаспан» шәйіт болған, енді екінші «Алдаспан» қатарға түрған, осы соңғы басылымды қорғау қажетінен жазылыпты - 17 март, 1971 жыл. Жазған - мен, қол қойған - баспаның ресми бірінші басшысы Ілияс Есенберлин.
Әңгіме бұдан ары ушықса, ақылға ғана емес, әдіс-амалға да жетік, жоғарыда үлкен сүйеніші бар Ілекең ештеңеден тайынбайтын еді. Шынында да, Компартия - Имашев пен Есенәливтің жекеменшігі емес қой, мүгедек майдангер Есенберлинге де қатысты. Есімде, сол жылы жаз ортасына таман болса керек, «Алдаспанның» дауы біршама басылған соң Ілияс Есенберлин ОК секретары Имашевтің өз қолына, тікелей өзіне арналған, көлемі он екі бет наразылық хат тапсырды. Сен былай етіп отырсың, алай етіп отырсың, қудалап отырсың, қысып отырсың, әлдекімдердің қолшоқпарына айналдың, партиялық этика- ны ғана емес, партиялық тәртіпті де бұздың, мұндай, менің жеке басыма қарсы жолсыздықты тоқтатуды талап етемін деп, өте қатты жазылған еді. Ашынған ғана емес, ашудан шыққан, дүлей, ұстамсыз ыза емес, ақылға, есепке құрылған қуатты қарсылық, қарсылық қана емес, қатал ескерту болатын. Мен осы емірімде ештеңеден қорық- пайтын екі адам көрдім, біріншісі - Ілияс Есенберлин еді, әрине, Ілияс ағаны қолдаған бабалар аруағы, ұлы іс жолындағы іргелі мақсат пен шынайы перзенттік парыз болатын.
Есенберлин І. «Жан сырым»: Ойлар, нақыл сөздер. Естеліктер. - Алматы.-2001 ж.
Мұхтар Мағауин
Ағам әрі ұстазым.