Акция тарихы
«Бір ел - бір кітап» қазақстандық жоба акциясының идеясы АҚШ-тың «Бір кітап, бір Чикаго» және бүкіл қала бір әдеби туындыны бір уақытта оқыған «Егер де бүкіл Сиэтл бір кітапты оқып шықса» атты көпшілікке танымал кітапханалық жобаларынан негіз алған.
Бір кітапқа арналған жалпы қалалық оқу мерекесінің идеясын АҚШ-ның солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатында - Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы ұсынған. 1998 жылы «Егер де бүкіл Сиэтл бір кітапты оқып шықса» ұранымен бірінші рет өткізілген акцияның мақсаты - Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оқуды насихаттау. Акция Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да өтті.
«Бір ел - бір Чикаго» бағдарламасы (One book, one Chicago) чикаголық муниципалитеттің белсенді қолдауымен Чикаголық көпшілік кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған. Оның басты мақсаты қала тұрғындарын бір уақытта оқуға және бір кітапты отбасында және жұмыста, достар мен таныстар арасында, оқу орындарында, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафе және басқа да қоғамдық орындарда ұжыммен талқылауға қызығушылығын ынталандыру. Бұл күні қала кітапқұмарлар клубына айналады. 
2000 жылдың қазанында Чикагода «Чикагодағы кітап апталығы: Кітап оқуға құмарлар қаласы» атты бірінші қалалық фестиваль өтті. Фестивальдің аясында көпшіліктің талқылауымен кітаптардың тұсаукесері және авторлардың сөз сөйлеуі, сонымен қатар, семинарлар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өтті. 7 аптаның ішінде Чикагоның он мыңдаған тұрғыны американдық жазушы Харпер Лидің (1926 жылы дүниеге келген) Пулитцеровский премиясына лайық «Убить пересмешника» романын (1960) оқып шығып, талқылайды. Кітапта Чикаго мен бүкіл әлемнің өзекті мәселелері қамтылады.   
Қазіргі уақытта «Бір ел - бір кітап» жобасының идеясы әлемнің көптеген елдеріне  (Испания, Латин Америка елдері, Корея және басқалар) кең таралған. Испаниядағы марафондық оқу «Сто лет одиночества» романының авторы Габриэл Гарсия Маркестің 80 жылдығына арналды. Романды қалаған адамдар өздігінен бірнеше күн үздіксіз оқып шықты. Алғашында бұл марафонға Испания үкіметі төрағасының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега қатысты. Әрбір қатысушыға 15 минут берілді, олардың тура 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романның 7 бетін дауыстап оқуы тиіс.
2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінде балалар кітаптары іріктеліп алынды. Бұл жоба кейінірек «Бір кітапхана - бір кітап» және «Бір ауыл - Бір кітап» жобасымен жалғасты.
«Оқырманның үлкен оқиғасын» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысы бастарынан өткізді. Осы облыстың барлық тұрғындары жылдың қаңтар және наурыз айларының арасында бір кітапты оқиды. 2006 жылы Жюль Верннің «Вокруг света за 80 дней» кітабын оқыды.
«Бір ел - бір кітап» акциясы Қазақстанда
Қазақстанда республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты - ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел - бір кітап 2015» акциясына, академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауыс жинауына байланысты, 2015 жыл кітабы болып көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалып алынды.

Акция жайында толық мәлімет:
«Бір ел - бір кітап» - 2015. Жыл кітабы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
"Бір ел - бір кітап" - 2014. Жыл кітабы - С. Мұратбеков "Жусан исі" және "Басында Үшқараның..."
"Бір ел - бір кітап" - 2013. Жыл кітабы - Ф. Оңғарсынова "Дауа"
"Бір ел - бір кітап" - 2012. Жыл кітабы - О. Бөкей. О. Бөкей шығармалары
"Бір ел - бір кітап" - 2011. Жыл кітабы - Ж. Аймауытов "Ақбілек"
"Бір ел - бір кітап" - 2010. Жыл кітабы - Ж. Молдағалиев "Мен - қазақпын"
"Бір ел - бір кітап" - 2009. Жыл кітабы - М. Жұмабаев. М. Жұмабаевтың лирикасы
"Бір ел - бір кітап" - 2008. Жыл кітабы - М. Әуезов "Қилы заман"
"Бір ел - бір кітап" - 2007. Жыл кітабы - Абай "Қара сөздер"

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының  Ұлттық академиялық кітапхана сайты
http://nabrk.kz/wps/portal/Content?contentPath=/ContentKazneb/nab/projects/article/OdnaStrana
Back
Next
Роман әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған.
Тарих және  халық
Әбілхайыр- хан (1693 - 1748)
Абылай-хан (1711-1781)
Кенесары Қасымов
(1802-1847)
Батырлар
Ойшылдар мен Көсемдер
Әйелдер образы
«Көшпенділер» - ұлт мақтанышы!
Мемлекетіміздің 550-жылдық тарихы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» парағында
 

KZ   RU