Ол кезде қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер едім (1962 жыл). Есіктен күйі қашқан, салпаңдау киінген, ескірген пиджакпен біреу кіріп келді. Таныстық. Кейін білдім, ол сол шақта «анау» жақтан келген екен. Жеті-сегіз өлеңін алып келіпті. Бас редактормен кеңесіп алған соң, Ілияс ағаның өлеңін ең бірінші болып аға газетке жарияладым.
«Қаһар» романы шыққан соң жазушы ағамыз құлпырып шыға келді. Романы көптеген тілге аударылды. Су жаңа көйлек, қымбат кәстөм киді. Айтайын дегенім, Есенберлин сонда маған не үшін ұрысты?! Менің қырғыздар арасында достарым бар болатын. Сондағы достарымның бірі маған хабарласты да: «Қаһар» сұмдық роман екен, қолымыз жетпей жүр. Бір данасын бізге салып жіберсең, алғысымыз шексіз», - деді.
Кітапты мен беріп жіберсем, оны қырғыздар өз тіліне аударса керемет қой. Ілияс ағамен кездесе қалсам, мақтанып айтам ғой. Есеп осындай. Оңбай қалдым. «Кенесарының басын алған кім? Қырғыздар! Бауырын өлтірген кім? Қырғыздар!» - деп қаһарланып, ұрсып-ұрсып тастады. Қырғыздар ақыр соңында сол кітапты «пайдаланып» кетті.
Дерек көзі:
http://qasym.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=2995:2015-02-04-03-32-55&catid=8:sarli-saz&Itemid=9
Шәрбану ҚҰМАРОВА: Ең бірінші өлеңін мен жарияладым.