І.Есенберлиннің әдеби музейі

Атбасар қаласы - атақты жазушы Ілияс Есенберлиннің туған мекені, бұл жерде балалық және жастық шағы өткен. Жазушының әдеби мұражайы 1999 жылы 24 желтоқсанда жазушы ұлының қолдауымен ашылды.

Музей 4 залдан тұрады. 1-ші зал "Жазушының жастық шағы", "соғыс жылдары", 2-ші зал "Жазушының отбасы және жеке заттары", 3-ші зал "Шығармашылық залы" және 4-ші зал "Әдеби залы" мұнда әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, дәрістер, музей сабақтары өткізіледі. 15 жылда музейдің қоры 2000-ға жуық бірлікке толықты, мұнда жазушының жеке заттары және жұбайының заттары, кітаптары, "Мұхиттан өткен қайық" кітабының қолжазбасы, суреттер, жанұясының хаттары бар.

Музейдің материалдық-техникалық базасы өзгерді және нығайды. Жазушының жәдігерлерін жинақтауда, экспозициялық залдарды безендіруге зор үлестерін қосқан ауданымыздың атақты адамы Клара Әмірқызы Әмірова. Музейдің директоры - Ұлболсын Даниярқызы.

Дерек көзі:
http://el.kz/m/articles/view/%D0%86%D0%BB%D0%B8%D1%8F%D1%81-%D0%95%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8-%D0%BC%D1%83%D0%B7%D0%B5%D0%B9%D1%96-%D0%A4%D0%9E%D0%A2%D0%9E
http://visitkazakhstan.kz/ru/guide/places/view/392/

"ИЛЬЯС ЕСЕНБЕРЛИН АТЫНДАҒЫ ҚОР" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ - ЖАМБЫЛ КӨШЕСІ, 67 ҮЙ
Т.2694519. Жетекшісі: ЕСЕНБЕРЛИН ҚОЗЫКӨРПЕШ ИЛЬЯҰЛЫ

Дерек көзі: http://almaly.almaty.gba.kz/page.php?page_id=349&lang=1

І. Есенберлин атындағы көшелер:
Көкшетауда - бұрынғы Пожарная - Менжинский (1938 ж.), көшесі - І.Есенберлин есемімен аталады (2006 ж.)
Дерек көзі: http://kokshetau.narod.ru/K_history/N_hist6.htm

Өскемен қаласындағы - ЖМК шағын районында, қаланың Левобережный бөлігінде І.Есенберлин даңғылы
Дерек көзі: http://www.yk.kz/news/show/467?print

Шымкент қаласында - бұрынғы Луначарский көшесі, қазір І. Есенберлин атымен аталады.

Дереккөзі:
http://wikimapia.org/street/17576672/ru/%D1%83%D0%BB-%D0%95%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B0
Қаламгердің есімі берілген…
Back
Next
Роман әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған.
Тарих және  халық
Әбілхайыр- хан (1693 - 1748)
Абылай-хан (1711-1781)
Кенесары Қасымов
(1802-1847)
Батырлар
Ойшылдар мен Көсемдер
Әйелдер образы
«Көшпенділер» - ұлт мақтанышы!
Мемлекетіміздің 550-жылдық тарихы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» парағында
 

KZ   RU