24 қыркүйек күні кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымал журналист, шоқантанушы, зерттеуші ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жарылғап Бейсенбайұлымен «Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі» атты онлайн сұхбат өтті.
20 қыркүйекте А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ҚР мәдениет саласының үздігі Лақаева Шолпан Кеңесханқызының шығармашылығына арналған «Әнім – арманым» атты кездесу кеші өтті.
11 қыркүйек күні ақын Масалов Әрімбек Мәселұлының «Тарбағатай – Барқытбел, тұғыры биік – туған ел» атты кітабының тұсаукесері» өтті.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Тілдер күніне орай «Тіл – татулық белгісі» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
30 тамыз күні Өскемен қаласының Арбатында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен Қала күні мерекелеріне орай өткен SHYGYS BOOK FEST-2025 кітап фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына рухани серпін сыйлады.
Елордада «Білімді біріктіре отырып, болашақты құрамыз» тақырыбымен 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық IFLA конгресі өтуде.
3 қазан күні А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз, Кеңестер Одағының халық мұғалімі, ағартушы-педагог Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына орай «Ұлағатты ұстаз – Құмаш Нұрғалиев» облыстық байқауы өткізілді.



























