phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
"Бір ел - бір кітап-2025"

"Бір ел - бір кітап-2025"

"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

 

2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқитын боламыз. Олар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов - бұл есімдер қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгі қалады.

Тәкен Әлімқұлов - ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, 1918 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Ол соғыстан кейінгі жылдары әдеби қызметпен айналысып, 1953 жылы М. Горький атындағы әдеби институтты бітірді. Оның шығармашылығында поэтикалық жинақтар да, проза жанрындағы шығармалар да бар, олардың арасында «Ақбоз ат», «Күрең өзен», «Тұлпарлар тағдыры» сияқты кітаптар бар. Оның әдеби-сыни зерттеулеріне ерекше назар аудару керек, оның ішінде «О прошлом и настоящем» және «Жұмбақ жан. Абай туралы деректі хикая».
Әлімқұловтың шығармалары ел психологиясының тереңдігін, дәстүрлі мәдениеттің эпикалық кеңдігін, қоғамның дамуы үшін маңызды тарихи оқиғаларды бейнелейді. Әдебиеттанушы Қансейіт Әбдезұлының айтуынша, Әлімқұлов нағыз ұлы шығармаларды жасаған эпикалық прозаның шебері болған.
Жұмекен Нәжімеденов - ақын, жазушы, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1935 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Нәжімеденов өмір бойы өлең авторы ретінде ғана емес, талантты аудармашы ретінде де қазақ әдебиетінде терең із қалдырды. Оның алғашқы «Нива» өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрді, ал оның поэтикалық шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танылды. Жұмекен Нәжімеденов сонымен қатар 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы әнұранының авторларының бірі болып табылады. Оның шығармашылығы қазақ поэзиясын байытты. Ол бірқатар шетелдік ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. 2010 жылы Нәжімеденов «Менің Қазақстаным» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы іс-шаралар оқырмандарға осы екі талантты автордың шығармалар әлеміне енуге мүмкіндік береді. Жыл бойы әдеби көрме жұмыс істейді, шығармашылық кездесулер, оқырман конференциялары өтеді, бұл Әлімқұлов пен Нәжімеденов шығармашылығының қазақ әдебиеті мен жалпы әлемдік мәдениет үшін маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Акцияға қосылып, өзіңіз үшін уақыт өте келе өзектілігін жоғалтпайтын және оқырмандармен жүрек тілінде сөйлесуді жалғастыратын бір дәуірдің екі керемет дауысын ашыңыз.

  

Мұрағат:

Мұрағат 2024
Мұрағат 2023
Мұрағат 2022
Мұрағат 2021




«Бір ел - бір кітап 2024»

«Бір ел - бір кітап 2024»

Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз.

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті де сол ауылда бітірді. Бала Бердібек анасынан 8 жасында айырылды және бұл қайғы оның өмірінің соңына дейін үлкен соққы болды. Бердібектің білімге деген сүйіспеншілігін оятқан - ағасы Сатылған. Алайда, ағасы соғыс кезінде қайтыс болып, дүниеден ерте озды. Соқпақбаев бала кезінде көп қиындық көрді, аштық пен ауыр еңбектің, қиындықтың тауқыметіне ұшырады. Дегенмен, ол өте білікті және қабілетті бала болып өсті.

Өз ортасының алды болған Соқпақбаев мектеп бітіргеннен кейін әскерге барып, кейіннен Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі. Институтты бітіргеннен кейін Мәскеудегі жоғары әдеби курстарын тәмамдады.

Таулы ауылдан шыққан қазақ баласы журналистикамен көп айналысты, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» газет-журналдарының редакциясында жұмыс істеді. Сондай-ақ, киностудияда да қызмет етіп, өзінің туған ауданындағы мектептерде мұғалім болды. Ол үнемі балаларды тәрбиелеудің күрделі мәселелеріне алаңдады. Бердібек Соқпақбаев – білікті мұғалім, тәрбиеші. Содан болар бұл жағдай оның шығармаларының тақырыбын алдын-ала анықтап берді.

Б. Соқпақбаев Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша кеңесші болып жұмыс істеді. Ең алдымен ол балалар жазушысы. Балалық пен жастық оның барлық кітаптарының негізі. Соқпақбаевтың шығармалары негізінен автобиография болып табылады.

Бердібек Соқпақбаев шығармашылық қызметін ақын ретінде бастады. 1950 жылы оның «Бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Авторлық сезімдердің ерекше сенімділігі мен шынайылығымен ерекшеленген жинақ бірден өз оқырмандарын тапты.

Көп ұзамай Соқпақбаев прозада да бағын сынап көрді. Жазушының тарихы күрделі емес, бірақ қазақ ауылының өмірі мен тіршілігінің көлемді бейнесі суреттелген «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Өзім туралы» повестері тек жасөспірімдердің ғана емес, сондай-ақ ересек қазақ оқырмандардың да жүрегінен орын тапты. Бұл таңқаларлық жайт емес. Өйткені, жазушының кітаптарында тәрбиелік мәні бар көсемсөздер мен тентек және күлкілі кейіпкерлер өмір сүреді. Ал кітапты оқығанда олардың жетістіктеріне қуанбау, қиындықтарына көңіл бөлмеу, оларды сүймеу мүмкін емес.

Соқпақбаев «Менің атым Қожа » повесінің арқасында танымал болды. Бұл туынды «Детская литература» баспасында шығып, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, Франция, Польша, Чехословакия, Болгария секілді шетелдерде жарияланды. Тек содан кейін ғана бұл шығарма өз отанына оралып, байырғы қазақ тілді оқырмандардың жүрегінен ойып орын алды.

Бұл повесть бойынша «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Повестің басты кейіпкері – Қожа арманшыл, сотқар бала. Тентектігімен үнемі түрлі жағдайларға тап болып жүретін Қожа ақыл-ойы мен біліктілігінің арқасында қиындықтардан шыға алды. Ол біреудің қайғы-қасіретіне көз жұма қарамайтын елгезек, жоғары әділеттілік сезіміне ие, досқа адал, қайырымды, зұлымдыққа жол бермейтін бала. Ал осы қасиеттердің барлығы оқырмандардың жүрегінен мейірімділік тудырып, Қожа батыр бала атанды.

1960 ж.  жарық көрген «Балалық шаққа саяхат» повесі қазақ балалар әдебиетінің асыл мұрасына айналды. 1930-шы жылдардағы кішкентай кейіпкердің тағдыры арқылы өтетін повесть сол уақыттағы оқиғаларды және қазақ халқының қиын өмірін еш боямасыз көрсетеді.

Сондай-ақ, жазушы «Өлгендер қайтып келмейді» романында өмір жолында алдынан шыққан барлық қиындықтарды еңсерген табанды, батыл жас жігіттің өмірін және мінезінің қалыптасуын көрсетеді. Романның әрбір бетінде сол уақытқа тән өмір ұшқындары кездеседі.

Соқпақбаевтың көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған. Адамның әрбір кезеңі оның шынайы қуанышына толы. Осы тұрғыдан алғанда, қаладан атасына келіп, басынан қызықты ауыл өмірін өткерген қалалық қыз туралы «Аяжан» атты әңгімесі шынайы қызығушылық тудырады.

Жазушының кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» атты тамаша әңгімесі бар.

Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портетін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлетеді. Кейіпкердің ішкі күйзелісі мен ой-пікірлері жазушының басты көркемдік әдісі болып табылады.

Қазақ прозасына жаңа леп, өзгеше өрнек әкелген жазушы 1991 жылы 24 шілдеде Алматыда көз жұмды.

 

Мұрағат:

Мұрағат 2024
Мұрағат 2023
Мұрағат 2022
Мұрағат 2021




"Бір ел - бір кітап-2021" акциясы

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» 

Жыл кітаптарын бірге оқиық!

Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында кеңінен танымал. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан акция биыл 15-ші рет өткізілуде. 
Жыл кітабы болып таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.
Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.

Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынамыз.
Поэзия
1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».
2Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».
3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».
4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».
5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».
6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».
Проза
1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».
2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».
3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».
4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».
5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».
6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».
Драматургия
1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.
2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.
3.Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі».
4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.
5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.
6.Сая Қасымбек «Жанталас».
Балалар әдебиеті
1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».
2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».
3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».
4.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».
5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».
6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».
Аударма
1.Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».
2.Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».
3.Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион».
4.Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».
5.Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».
6.Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

 

odnactrana 1 1 odnactrana 1 4 odnactrana 1 7 odnactrana 1 15 odnactrana 1 14 odnactrana 1 13

  

odnactrana 1 11

   

odnactrana 1 10

   

odnactrana 1 9

  

odnactrana 1 8

  

odnactrana 1 6

  

odnactrana 1 5

                



"Бір ел - бір кітап-2022" акциясы мұрағат

"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері 15 жыл бойы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеу, ана тілін құрметтеу.
Baitursynov Akhmet2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың (1872-1937) туғанына 150 жыл толады.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады.
2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша еліміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:
- «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;

             - Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».

 Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы А.Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады. Осыған орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ұлт ұстазына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге халқымыздың аяулы перезенті, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы, әдеби шығармалары, қанатты сөздері, қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану жайлы сыр шертетін әдебиеттер, баспасөз беттерінде жарық көрген тың деректер қойылды.
Ғалым қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Ұстаздың жазған әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Көрме төрінен орын алған «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын шағын кітап тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеуде А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құрал», «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптарының орны айрықша. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда да қайраткер зор еңбек сіңірді. Әсіресе, көрмеге қойылған әдебиеттер ішіндегі «Әдебиет танытқыш» қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі болып табылады. Сонымен қатар, қазақтың «Ер Сайын» атты эпостық жырына алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны Мәскеуде шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады.
А.Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға зор үлес қосты. Атап айтсақ, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, С.Я.Надсон сынды бірқатар ақындардың туындыларын аударды. Көрмеге Петербургта «Қырық мысал» деген атпен басып шығарылған Крыловтан аударған өлеңдер жинағы қойылды.
Көрмеге ұсынылған материалдар А.Байтұрсынов мұрасының бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын және әлі де қызығушылық тудыратынын дәлелдейді.
Көрме жыл бойына жұмыс жасайды.

IMG 7444 IMG 7445 IMG 7446 IMG 7459

 

Мұрағат:

Мұрағат 2021
Мұрағат 2020
Мұрағат 2019
Мұрағат 2018
Мұрағат 2017
Мұрағат 2016


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp