20 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында облыстық "Рудный Алтай" газетінің ардагерлері мен журналистері филология және журналистика факультетінің студенттерімен кездесті.
20 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында облыстық "Рудный Алтай" газетінің ардагерлері мен журналистері филология және журналистика факультетінің студенттерімен кездесті.
«Ғылым таппай мақтанба...» – деп, жас ұрпақты ғылымға жетелеген Ұлы Абай ұстанымы бүгінде күн өткен сайын маңызы артып келеді. Кітапханамызда 12 сәуір «Ғылым қызметкерлерінің күні» жыл сайын әр түрлі ғылыми сала мамандарымен және олардың ғылыми жаңалықтарымен оқырмандарды таныстыру дәстүрге айналған.
А. С. Пушкин атындағы кітапханада Ғылым қызметкерлері күні, яғни 12 сәуірде «Кең даланың кенін тапқан» атты кездесу өтті.
«Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» – 2014 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Ленинград облыстық балалар кітапханасы (ЛОБК), Шемонаиха орталық аудандық кітапханасы мен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бірлескен халықаралық жобасы.
4 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында балалар жазушысы, журналист Марат Қабанбавқа арналған шығармашылық әдеби кеш өтті.
3 - 8 сәуір аралығында Халықаралық балалар кітабы күніне орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана кішкентай оқырмандары үшін «Кітапқа деген махаббатпен» атты танымдық мерекелік апталық өткізді.
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)
Наурыз айында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бастамасымен «Кітапханалардағы инновациялар: әдістер, көздер, нәтижелер» атты онлайн республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.
Ата-баба дәстүрімен еліміздің әр өңіріндегі кітапханаларды шуақты көктем мезгілінің сәтті басталуымен құттықтап, ағымдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Қатысушы-спикерлер – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы» РММ, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ, «Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана» КММ, ШҚО Мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ.
Спикерлер келесі өзекті тақырыптарды қозғады:
«Оқитын мектеп – оқитын ұлт» Сайдембаева Алия Шуратовна, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы» РММ директоры;
«Библиотечные программы для особых пользователей» Видершпан Алла Леонидовна, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, инновациялық-әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Қостанай қаласы;
«Нейронные сети и медиаграмотность в реалиях библиотеки: что мы имеем»
Шағиева Бибігүл Жамбылқызы, «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» жобасының үйлестірушісі, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы.
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Есенова Жадыра Рүстембекқызы жұмыс тәжірибесімен және ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Исмайылова М.Д., балалар оқуы бойынша сарапшы, кітапханамыздың еріктісі балалар мен жастар ортасындағы жаңа идеялар мен жұмыс түрлері туралы айтып берді.
Сондай-ақ Пушкин кітапханасының мамандары дөңгелек үстелге қатысушыларды кітапханашылардың үздіксіз білім алуын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, Шығыс Қазақстан облысының 2023 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесімен таныстырды.
Шараның ZOOM платформасындағы жазбасын төмендегі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=nu04rCASj1w