Құрметті оқырмандар! Сіздерді А.С. Пушкин атындағы кітапхана Отбасы күнінің 10 жылдық мерейтойына орай «Отбасы – отанымыздың алтын діңгегі» атты әдебиеттер көрмесіне шақырады.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді А.С. Пушкин атындағы кітапхана Отбасы күнінің 10 жылдық мерейтойына орай «Отбасы – отанымыздың алтын діңгегі» атты әдебиеттер көрмесіне шақырады.
8 қыркүйек күні сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада елімізде аталып өтілетін Отбасы күніне орай баланы кітап оқуға тарту бойынша жас аналарға тренинг өтеді. «Отбасы – бақыт мекені» тренингінің мақсаты - ата-ана мен бала арасында жақындық қалыптастыру, ата-анамен бірлесе отырып бала тәрбиесіндегі кейбір мәселелерге көңіл аудару, көңіл - күйді көтеру, кітап оқуды насихаттау.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі.
Осыған орай А.С. Пушкин атындағы кітапхана «Тіл-татулық тірегі…» атты әдебиеттер көрмесін ұсынады.
Makerspace Oskemen сізді жаңадан бастаушыларға арналған ақысыз төрт апталық 3D модельдеу және басып шығару курсына шақырады.
Баршаңызды ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІМЕН құттықтаймыз!
Жылдан жылға Тәуелсіздігіміз,келісім мен бірлігіміз нығая берсін!
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз!
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
29 тамыз - кітапхана 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді
30 тамыз - мерекелік демалыс
28 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң - өркениет кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
23 тамыз күні кітапханада есімі елімізге әйгілі өлке шежірешісі, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Катонқарағай ауданының және Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Бошай Кітапбаевтың 100 жылдығына орай «Өнегелі өмір» сериясымен биылғы жылы жарық көрген «Бошай Кітапбаев: өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері өтті.
10 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Абай күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.