Биылғы жылы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл, Кербұғы болмыс жазушы, драматург, журналист, Катонқарағай ауданының тумасы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл, белгілі балалар жазушысы, Ханс Кристиан Андерсен атындағы Құрмет дипломының иегері, Зайсан ауданының тумасы Марат Қабанбаевтың туғанына 75 жыл толып отыр. Осы атаулы күндерге орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жасөспірімдер арасында командалық сайыс өткізілді.