Біздің Ақбілек   

   Біздің Ақбілек
     Сағыныш
     Қайғы
     Ақбілек

   Ақбілек атамекені
     Су
     От

   Жарық жұлдызды Жүсіпбек

   Ақбілек әлемі

   Естеліктер

   Библиография

   Сұрақ-жауап

   Ғаламторда

«Марқакөлдің суы балдай.
Марқакөлдің жиегінде Мамырбайдың Ақбілегі,
жас түлегі, ана болған, көп әйелден дана болған...»

/ Ж. Аймауытов /

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы... Роман тұңғыш рет 1927 ж. «Әйел теңдігі» журналында жарияланды. Шығарманың жариялануына ұзақ уақыт бойы тыйым салынып келді. Ал орыс тілінде тек 2007 жылы жарық көрді. Не себепті бұлай болды? Қарапайым қазақ қызының тағдыры сол кездегі қоғамда өмір сүрген «әдебиет ақсақалдарына» несімен жақпады? Ал бүгінгі күні неліктен өзекті тақырыпқа айналды?

Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж.Аймауытов та «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін үлкен махаббатпен суреттеген. Романның алғашқы жолдарында Ақбілек бейнесі былайша сомдалған: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп...»

Сұлулыққа жаны үйір халқымыз ғасырлар бойы ерге адал жар, сенімді серік болар қыз баланың сымбаты мен келбеті, мінезі мен ақылы, тәрбиесі мен өнегесі қандай болу керектігі жөнінде дәстүрлі талғамы мен өлшемін қалыптастырған. Көнеден желісі үзілмеген халық ауыз әдебиеті мен жазба нұсқаларда бойжеткен қыз: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көзді, жайдары мінезді, алма мойын, ақша бетті, ақ аршын төсті, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, керілген ақ маңдайлы, сүйріктей ақсаусақты, сүрме қасты, ұзын кірпікті, ақ білек, жаржан тісті, қыр мұрынды т.б.» сөз суреттерімен сомдаған ғой...

Халықтық түсінік бойынша: «Тегіне қарап қызын ал, соғуына қарап қару ас», «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық», «Шешеге қарап қыз өсер» дегендей, текті қыздың белгісін туған анасының мінезі, үлгі-өнегесі және қызына берген тәлім тәрбиесін айқындайды.

Қазақ - қыз баласын көзінен таса қылмай, әлпештеп, аялап өсірген халық. «Қызға қырық үйден тыйым» деген де оны болашақ отбасылық өмірге адал болуға тәрбиелеудің жолы. Осы тұрғыдан Жүсіпбектің Ақбілек қайғысына ортақтасқан толғанысы аса мәнді. Ол қыз намысын халықтың қалай қорғағанын, қыз балаға тән ар-ұятты аяққа баспауға, адалдыққа үйреткенін атап көрсетеді.

Міне, Ж.Аймауытов романында да осы мәселе сөз болады.

Ал енді, роман жөнінде.

 

Қолданылған әдебиет:

1. Аймауытов Ж. Ақбілек: роман / - Алматы: Раритет, 2003. - 240 бет.
2. Сағынбекұлы Р. «Жүсіпбек»: Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен қаламгерлік қызметі / Сағынбекұлы Р. - Алматы: Санат, 1997. - 224 б.
3. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: «Қазығұрт» баспасы,- 2007. Т4.-424 бет.
4. Дала даналары [Мәтін]. - Алматы: Қазақстанның даму институты, 2001. - 640 б.
5. Аймауытовтың Алтай жеріндегі күндері / А. Жүнісұлы // Абай. - 2009. - N2.- Б.101-104.