Ақбілек атамекені   









«Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында,
бал татыған айна сулы түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі...»

/ Ж. Аймауытов /

Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар.

Алтай, Күршім - не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді арқалаған - ақ ауылды Алтай елі.

 

Қолданылған әдебиет:

1. Аймауытов Ж. Ақбілек: роман / - Алматы: Раритет, 2003. - 240 бет.
2. Умарова Г.С. Қазақ әдебиетінің тарихы: оқулық / Умарова Г.С. - Астана : Фолиант, 2007. - 244 б.
3. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері / Қирабаев С. - Алматы : Білім, 1995. - 288 б.
4. Сағынбекұлы Р. «Жүсіпбек»: Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен қаламгерлік қызметі / Сағынбекұлы Р. - Алматы: Санат, 1997. - 224 б.
5. Аймауытовтың Алтай жеріндегі күндері / А. Жүнісұлы // Абай. - 2009. - N2.- Б.101-104.