Отбасы және балалары   









Ақиқатында, жазушының қос ұлы /Бектұр, Жанақ/ мен қызының /Муза/, жарының өмірбаян беттері туралы не білеміз?

30-жылдар ойранының алғашқы құрбандарының бірі Ж. Аймауытұлының соңында қалған тұяқ-тұқымдарының /балалары/ тағдыр-талайы, таным-түсініктері, дүниетаным иірімдері хақында не айтуға болады?

Бұл тақырып төңірегіндегі алғашқы сөзді ел ардағына айналған ақын - М. Әлімбаев "Бектұр Аймауытов, қайдасың сен?" деген іздестіру, сұрау райындағы мақала мазмұнында айтқан болатын /Лениншіл жас, 1990, 12 сәуір. Толығырақ...

 

«Ардақтап атын әкенің»
(Ж. Аймауытовтың ұлы Жанақтың әкесі жайында еске алу әңгімесі)

Алматыдағы орталық автовокзалдан күн көтеріле «Икарус» автобусымен жолға шықтым. Бағытым - Фрунзе. Менімен бірге бармақ болған Муза Жүсіпбекқызы, Гүлнәр апай Дулатова мен Армиял Тасымбековтер сәл кейінірек, жеңіл машинамен келмекші еді. Муза Жүсіпбекқызынан естіп, жазып алған адрес бойынша Фрунзе маңындағы Новопавловка селосына бет алдым. Рас, көңілімде тынышсыздық барын, ойымның бір нүктеге тұрақтамай сан-саққа жетелей бергенін жасырып қалғым келмейді. Ол бір есептен орынды да. Әрине, көрсетілген адрестегі мекен-жай орнында болып, іздеген, сарыла күтіп жүрген іргелі қаламгердің екінші ұлы - Жанақпен кездесіп, әкесінің ұзақ жылдардан соң туған халқына қайта оралуын, әдеби-рухани мұраларын жазып, зерттеу ісіне кең жол ашылғанын, ең бастысы, қазақ совет әдебиетінің қалыптасу, даму жолында мол еңбек сіңіргенін айтып, жеткізу түпкі ойым болатын.

Межелі жерге көп уақыт ұттырмай жеттім. Әйтсе де, жоғарыда еске алып өткен көңілдегі мың сан ойлар санадан кетер емес. Қойын кітапшамдағы үлкен әріптермен жазылған «Аймауытов Евгений Юрьевич (Жанақ)» деген жазуды еске түсіріп, екі семья тұратын бір үйдің кіреберіс қақпасын қақтым. Үй, есігі мен қақпаның арасы 8-10 метр болғандықтан маған ірі денелі, бойы ұзындау, толық келген, басында аспан түсті кепкесі бар ақсары адамның жүзі анық көрінді. Аты-жөнімді, қайдан келгендігімді естіген соң, қақпанын есігін (құлыптаулы тұрған) ақырын әрі сақтықпен ашты. Толығырақ...